ШАРТАРАП ШАРАЙНА

2025 жылғы көктемгі аңшылық маусымы басталды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 27.02.2015 жылғы №18-03/157 санды бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидасына» сәйкес және «2025 жылдың 15 ақпанынан бастап 2026 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №36-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ басшысының 2025 жылғы Көктемгі аңшылық маусымы ашылуы туралы №10-Н 18.02.2025 жылғы бұйрығы жария етілді.
Көктемгі аңшылық маусымы 2025 жылдың наурыз айының 01 күнінен бастап наурыз айының 15-не дейін рұқсат етіледі. Суда жүзетін құстарға (аталық үйрек) аңшылық маусым кезінде аңшының жанында, Түркістан облысының аңшылар және балық аулаушылар қоғамының жолдамасы, мүшелік куәлігі, аңшы куәлігі болуы қажет.
Құрметті Түркістан облысының аң аулаушылары!
Сіздерден осы көрсетілген аң аулау мерзімін, лимиттерін және ережелерін сақтауды сұраймыз.

С.САРМАНОВШардара ауданындағы аңшылар және балық аулаушылар қоғамының төрағасы
Made on
Tilda