Биылғы жылы Марокко шегірткесі аудан шаруалары мен диқандарын әжептеуір әбігерге түсірді. Аудан орталығы мен ауыл округтерден ұйымдастырылған мамандар мен шегірткенің таралған ошақтарын анық-таушылар көрсеткен орындарға жабдықталған техникалармен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізілуде.
Аудан көлемінде 10 000 гектар жер АЦЕТ-200, 8850 гектар жер ЦИФОС-550 улы химикаттарымен өңделді. Оның ішінде 3992 гектар авиация көмегімен залалсыздандырылды. Нақтылап айтқанда Көксу ауылдық округінде 4222, Ұзын ата ауылдық округінде 3575, Жаушықұм ауылдық округінде 2700 гектар жердің шегірткесі жойылса, Сүткент, Достық, Қоссейіт және Алатау батыр ауылдық округтерінде 444-2000 гектар жерге химикаттар шашылды.
–Анықталған орындарда Марокко шегірткесін жою шаралары дер кезінде жүргізілуде. Дегенмен жаңа ошақтар да анықталуда. Ол жерлерді залалсыздандыруға қажетті улы химикаттар қоры қолда бар, қажетті техника да жетерлік, – дейді аудандық аумақтық инспекция басшысы Мақсат Көшербаев.
Ұйымшылдықпен атқарылған жұмыс қашанда өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Марокко шегірткесінің жойылуы дер кезінде сапалы, талапқа сай атқарылған жұмысқа да байланысты.
Дегенмен, әлі арқаны кеңге салуға ерте. Зиянкестер ошағын анықтау шараларын жалғастыра отырып, бұл сынақты да аудан шаруалары мен диқандары, тиісті мамандар еңсеріп шығады деген сенімдеміз.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ