Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл індет – адамзат баласына жат қасиет. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шара жоспарында 6 міндет қаралған:
1-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, яғни құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру, бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу.
2-міндет. Сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін болдырмау, яғни бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту, бюджеттік қолдаудың тиімділігін арттыру, мемлекеттің экономикаға үлесін азайту, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру.
3-міндет. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру.
4-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, яғни халықтың пікірін есепке алу, қоғамдық бақылау институтын дамыту, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту.
5-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету.
6-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.
Әр адам сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік таныта білсе, яғни қоғам мен мемлекеттің күш-жігері бірігетін болса, осы жоғарыда көрсетілген 6 міндеттің орындалуы іске асады, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жүзеге асатын болады. Сондықтан қоғам болып осы міндеттердің орындалуына атсалысуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз!
С.НАЗАРБЕКОВА –
Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы