Егер баланың біресе бетінде, біресе қолында бөртпелер пайда болса, онда ауруханаға бару қажет. Балаларда атопиялық дерматит жиі кездеседі және ол кешенді емдеуді қажет етеді.
Атопиялық дерматит – бұл терінің созылмалы қабыну ауруы. Оны "нейродермит" немесе "атопиялық экзема" деп те атайды. Көбіне бұл ауру бір жасқа дейінгі балаларда немесе балалардың тым кішкентай кезінде пайда болады.
Аурудың асқынуы тағамдық аллергендерді қоздырып, күйзелістік жағдайлар, ауыр инфекциялар мен механикалық тітіркендіргіштер тудыруы мүмкін.
Балалардағы атопиялық дерматит себептері мыналар:
генетикалық себептер, мысалы, иммундық жүйенің аллергендерге қатысты тым өткір әрекет етуі немесе терінің қорғаныс ақуыздарына жауап беретін гендердің туа біткен ақаулары;
аллергиялық себептер: үйдегі шаң-тозаң, аллергия тудыратын азық-түлік тағамдары (шоколад, цитрусты жемістер, жаңғақтар), үй жануарларының жүні, өсімдіктердің тозаңы және басқа; климат және жағымсыз экология; темекі шегу; стрестік жағдайлар.
Балалардағы атопиялық дерматит симптомдары ретінде терінің құрғақтығын, қызыл және жарылған бөртпені және қышуды атауға болады.
Атопиялық дерматиттің үш түрі бар:
сәбилерде (екі жасқа дейінгі балада пайда болса);
балаларда (2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар);
ересектерде (13 және одан үлкен жастағы адамдар).
Соның ішінде балаларда кездесетін атопиялық дерматиттің бірнеше түрі бар:
Дерматиттің зритематозды-сквамозды түрі. Бұл жағдайда құрғақ, жарылған терізде түйін секілді бөртпе пайда болады. Іріңсіз бөртпелер көбіне саусақтардың сырт жағында, мойында және шынтақ бүгілетін тұста болады.
Пруриготәріздес түрі. Мұнда дерматит кезінде құрғақ теріде қатты қышитын тығыз кішкене ісіктер пайда болады. Қасу салдарынан олардың айналасында қанды қабықшалар түзіледі. Мұндай бөртпелер әдетте дененің жоғарғы бөлігінде, бетте және қолда болады.
Лихеноидты түрі. Бұл дерматит кезінде тері құрғақ әрі қызыл болады және теріде тері сызықтары айқын көрінеді. Қызару салдарынан шағын папулалар пайда бола-ды.
Экзематозды түрі. Экзематозды атопикалық дерматит кезінде бөртпе әдетте саусақтар мен өкшеде пайда болады. Теріде көпіршік тәріздес кішкентай түйіндер түзіліп, олар жарылады. Соның салдарынан теріде қабықшалар қалып қояды.
Балалардағы атопиялық дерматит шектеулі, яғни бөртпе дененің белгілі бір бөлігінде ғана пайда болады немесе таралған сипатта болуы, яғни дененің бірнеше бөлігінде туындауы мүмкін.
Сонымен қатар, атопиялық дерматит жеңіл, орташа ауыр немесе ауыр түрде жүруі мүмкін.
Балалардағы атопиялық дерматитті емдеу
Аллергологтар атопиялық дерматит туындаған жағдайда ең алдымен ауру қоздыратын факторлардың немесе аллергендердің көзін жоюға кеңес береді. Бұдан бөлек баланың терісіне дұрыс күтім жасап, инфекция қайта туындамас үшін емдік жақпамайларды уақтылы қолдану қажет.
Атопиялық дерматитті емдеу кезінде теріні ұдайы тексеріп тұру керек. Теріге тұрақты күтім жасау оның ылғалдылығы мен тойтарыс беру функциясын сақтауға мүмкіндік береді. Ылғалдандырғыш жақпамайларды тұрақты қолдану керек. Жуыну кезінде тері құрғайды әрі тітіркенеді. Сондықтан шомылғаннан кейін күніне 2-4 рет жақпамай қолданған жөн.
Атопиялық дерматиттің диагностикасы
Балалардағы атопиялық дерматитті емдеуді бастамас бұрын оны педиатр, дерматолог немесе аллергологқа көрсету қажет. Дәрігерлер бұл ауруды бөртпелерді сырт көзбен тексеру арқылы анықтайды. Сондай-ақ терідегі аллергиялық сынамалар алынып, иммунограмма жасалуы мүмкін.
Тағамдық ықтимал аллергенді анықтау үшін рационға қандай да бір өнімді қосады немесе алып тастайды да, ағзаның реакциясын бақылайды. Егер рационға бал енгізілген соң бөртпе пайда болса, онда аллерген анықталды деген сөз.
Тамақтануды өзгерту
Атопиялық дерматитті емдеудің негізгі элементі ретінде диетаны атауға болады.
"Атопиялық дерматит анықталған балалардың 15-30%-інде ғана тамақтану бұл ауруды емдеуге тікелей әсер етеді. Осыған қарамастан диетаның маңызы ерекше"
Мұндай диагноз қойылған баланың тамақтануына өзгерістер енгізіп, аллергиялық реакция тудыратын өнімдерді рационнан алып тастау керек болады. Атопиялық дерматиті бар балалардың басым бөлігіне цитрусты жемістер, бал, жаңғақ, шоколад секілді бірқатар аллергиялық әсері жоғары өнімдерден бас тартуға тура келеді.
Дәрігерлер ең дұрысы, қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдарды, тәтті тоқаштарды, какао, құлпынай, қарақат, анар - қызыл-сарғыш түсті жемістер мен көкөністерді, сондай-ақ бал, жаңғақ, саңырауқұлақ, майлы ет және уылдырық сынды тағамды рационнан алып тастау керек екенін айтып жүр.
Балалардағы атопиялық дерматитті емдеу тек белгілі бір тағамдардан бас тарту және теріні ылғалдандыратын жақпамайларды қолдануды ғана емес, сонымен қатар емдік жақпамайларды пайдалануды да қарастырады.
Дәрігерге қашан көріну керек
Баланың денесіндегі кез келген бөртпе алаңдауға себеп болады. Рационда немесе гардеробта бұрын-соңды қолданылмаған тағам немесе киім пайда болса, эксперимент жасап көріңіз: дәл осы зат баланың бойында аллергия тітіркендіргішін қоздыруы мүмкін.
Егер дерматит себебін анықтай алмасаңыз, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Себебі терінің қышуы балаға жайсыздық әкеліп, оның үнемі мазасыз болуына себепші болады. Бала денесінде бөртпе пайда болса, педиатрға, дерматологқа немесе аллергологқа қаралу керек. Аталған мамандардың қай-қайсысы болса да қандай шара қолдану керектігін айтады.
Атопиялық дерматит профилактикасы
Біріншіден, баланың рационы мен күн тәртібін реттеңіз және оның күйзеліске түспеуін қадағалаңыз.
Екіншіден, теріні ылғалдандырып, оған күтім жасаңыз. Теріні тұрақты жуып, дұрыс құрғатып, гипоаллергенді лосьондар мен жақпамайларды шамадан тыс қолданыңыз.
Үшіншіден, баланың айналасындағы ықтимал аллергендердің көзін жойыңыз: үй жануарларынан, синтетикалық киімдерден, аллерген тағамдардан бас тартыңыз.
Дәрігерлер осы ережелерді қатаң сақтаған жағдайда балаларда атопиялық дерматит туындамайтынын айтады.
Сабирова Қарлығаш Құттыбайқызы – Дерматовенеролог дәрігер