ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ауылшаруашылығында арамшөптердің зияны мен онымен күресу жолдары

Арамшөптер – егістік жерлерде, бақтарда немесе жайылымдарда өсетін, ауылшаруашылық дақылдарына пайдасы жоқ, керісінше, зиян келтіретін өсімдіктер. Олар дақылдармен қорек, су, жарық және кеңістік үшін бәсекеге түсіп, өнімділікті төмендетеді.
Арамшөп өсімдік тамырының дамуына сай ылғалды қоректік заттарды пайдаланады, сондай-ақ дақылды көлеңкелеп фотосинтез процесін жүруді баяулатады, нәтижесінде өнімділік азаяды. Арамшөп – егіс зиянкес-тері мен ауруларының мекені, паразит ордасы. Ең зияндысы тамыры жоқ сұңғыла. Ол дақылдың қоректік заттарын сорып алады.
Өсімдік карантині және оларды қорғау шаралары. Жатаған укекіремен күресудің негізгі тәсілдері – агротехникалық және химиялық. Қолданылатын агротехникалық шаралар әр түрлі жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін.
Солардың бірқатарын қарастырамыз. Мысалы, суармалы танаптарды жатаған укекіреден арылтуға бағытталған агротехникалық шаралар:
- терең қопсытып жырту – өйткені укекіренің тұқымы топырақ тереңдігі 6 см-ден асса, көктеп шыға алмайды;
- көгі қаулап шығатын жоңышқа, қара бидай, сұлы, арпа, жүгері дақылдарымен қара меңдуананы алмастырып отыру;
- оңтүстік өңірлерде қатарынан 3 жылдан асырып күріш егу, өйткені укекіре су астында қалса өсе алмайды.
Жатаған укекіреден арылу үшін агротехникалық шаралармен қатар міндетті түрде гербицидтерді де тиімді қолдану қажет. Жатаған укекіреге қарсы гербицидтерді қолдану тәсіліне, әсіресе бүгінгі күні, яғни топырақты тайыз өңдеу немесе мүлдем топырақ өңдеуден бас тарту кезінде ерекше көңіл бөлінеді.
Укекірені жою үшін қолданылатын гербицидтер негізінен глифосат негізінде дайындалатындары. Егістікте ылғал және қор сақтау технологиясы кеңінен қолданылатын Оңтүстік өңірінде укекіреге қарсы танапты гербицидтермен алғашқы өңдеуді арам шөп шоқтана бастағанда жүргізілу ұсынылады. Укекіреге қарсы ҚР аумағында рұқсат етілген гербицидтер қолданылады.
Н.ОРАЗБАЕВ - Шардара аудандық аумақтық инспекцияның мемлекеттік инспекторы.
Made on
Tilda