ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жемқорлық індет - күресу міндет!

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жар-лығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарында, сондай-ақ өзге заңдарда көрсетілген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қыл-мыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен ұжымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсатына қол жеткізу үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою, сыбайлас жемқорлық құқық бұзу-шылықтарды анықтау, жолын кесу керек.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Е. ЖУМАНОВ - Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы, подполковник.
Made on
Tilda