Бүгінгі таңда ғылым мен технология дамыған заманда білім беру саласында жаңа бағыттар кешенді дамып келеді. Солардың бірі – робототехника. Бұл сала оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және техникалық сауаттылығын дамытумен қатар, болашақта сұранысқа ие мамандықтарға жол ашады. Осы бағытта табысты еңбек етіп жүрген ұстаздардың бірі – М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаттың информатика пәнінің мұғалімі, Түркістан облысы әкімдігінің «Үздік ұстаз – 2023» номинациясының иегері Саудабаева Маржан Аманкелдіқызы.
Біз Маржан Аманкелдіқызымен робототехника саласындағы жетістіктері, оқушылармен жүргізген жұмыстары және болашаққа жоспарлары туралы сұхбат құрған едік. Сол сұхбатымызды ұсынып отырмыз, құрметті оқырман!
– Сәлеметсіз бе, Маржан Аманкелдіқызы! Алдымен өзіңіз туралы, қызмет жолыңыз жайлы айтып өтсеңіз.
– Сәлеметсіз бе! Мен еңбек жолымды Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында «Арай» балабақшасында психолог-педагог қызметінен бастадым. Қазіргі таңда Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаттың информатика пәнінен және робототехникадан үйірме жұмыстарын жүргіземін. Білім беру саласында 17 жыл еңбек етсем, соның 12 жылын информатика пәнінен сабақ беріп келемін. Соңғы жылдары робототехника бағытына ерекше көңіл бөліп, бұл салаға қызығушылық таныта бастадым. Робототехника саласы ауданымызда дамымағандықтан, өзім ізденуіме тура келді. Әлеуметтік желілерден және қосымша робототехникадан курс алып, оқыдым. Бастапқыда бұл саланы үйрену – қиын болғанымен, тынбай ізденудің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз.
– Робототехника пәнін мектеп бағдарламасына енгізудің қандай артықшылықтары бар деп ойлайсыз?
– Робототехника – тек техника немесе программалау емес. Ол – логика, математика, физика, инженерия және шығармашылықты біріктіретін кешенді пән. Бұл пән арқылы оқушылар жобалау, сараптау, жүйелі ойлау дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, олар топпен жұмыс істеуді, мәселені шешуді және өз идеяларын іске асыруды үйренеді. Бұл дағдылар қазіргі заманның кез келген мамандығына қажет.
– Сабақтарыңызда қандай құралдар мен әдістерді қолданасыз?
– Біз сабақта Arduino UNO, LEGO Mindstorms EV3, LEGO spike сияқты құралдарды қолданамыз. Программалау үшін Scratch, Python, Lego education spike программалау тілін пайдаланамыз. Әсіресе жобалық және практикалық әдістерге көп мән береміз. Мысалы, оқушылар өз роботтарын құрастырып, оларды белгілі бір тапсырмаға сай бағдарлап, сынақтан өткізеді. Бұл үдеріс балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы. Дегенмен, біздің мектепте әлі де, қажетті құрал-жабдықтар жеткіліксіз. Ауданымызға қарасты мектептерден бізде жоқ роботтың бөлшектерін сұрап, қолданып келеміз. Сонымен қоса, аудан әкімінің, кәсіпкерлердің, шәкірттеріміздің ата-аналары құрал-жабдықтарымызды, роботқа қажетті бөлшектерді алуға демеушілік жасайды.
– Жуырда ғана шәкірттеріңіз робототехникадан Халықаралық байқаулардан жүлделі орындардан көрінді. Осы тұста жеткен жетістіктеріңіз туралы айтып өтсеңіз.
– Үйірмеде 22 оқушы бар. Біз аудандық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрміз. Биылғы оқу жылының өзінде жетістіктерміз өте көп. Мысалы, «Robotex Turkiye» ANTALYA CHAMPIONSHIP 2024 жарысында III орынды иелендік. «R:ED FEST 2024» робототехника және бағдарламалау бойынша ашық халықаралық фестивалінің республикалық кезеңінінде «Зияткерлік сума» санаты бойынша Анарбай Нұрислам, Асабек Бақдаулет – халықаралық турында І орын, республикалық турында ІІІ орындарды жеңіп алды. Италияның Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olimpiad» әлем чемпионатында Лес Бақдаулет, Бірлік Нұрдаулет Алғыс Хатпен марапатталды (34 команданың ішінде 4 орынмен қайттық). Шымкент университетінде өткен «Жасанды интеллект-заманауи ақпараттық технологиялардың негізі» атты робоспорт және робототехникадан шығармашылық республикалық чемпионатында Адилбекұлы Берікболсын, Бақтияров Жанболат, Аманкелдi Даниял, Анарбай Нұрислам, Дауренбай Ермек, Алибек Болат – І орын алды. «TURKISTAN REGIONAL FIRST CHAMPIONSHIP» чемпионатында «Motivate Award» бойынша “KazMax” командасы марапатталды. Халықаралық Roboland жарысында су лабиринг категориясы бойынша Аманкелді Даниал, Құдайберген Қайсар ІІ орын алып бағалы сыйлықпен марапатталды. Биыл оқушыларымның жетістіктері өте көп, біраз оқушыларым планшет, лего жиынтығы, құлаққап, теледидар секілді тағы басқа да құнды сыйлықтар ұтып алды.
Ал өзім Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Алғыс хатымен, Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы М.Байтуғановтың Алғыс хатымен, «R:ED FEST 2024» – робототехника және бағдарламалаудың ашық халықаралық фестивалінде Инженерлік білім беруді дамыту қоғамдық қорының директоры Д.Т.Қонысбаеваның Алғыс хаттарымен марапатталдым.
– Оқушылардың бұл салаға қызығушылығы қандай?
– Қазіргі балалар технологияға бейім. Робототехника олардың еркін ойлауына, өз идеяларын нақты іске асыруына мүмкіндік береді. Әсіресе, роботтың қозғалып, тапсырма орындағанын көргенде балалардың көзіндегі қуаныш ерекше болады. Ұлдар ғана емес, қыз балалар да осы салаға қызығып жүр. Біз арнайы бағдарламалар арқылы олардың да белсенділігін арттырып келеміз.
– Сіз үшін мұғалімдік пен робототехниканы қатар алып жүру қаншалықты қиын немесе қызықты?
– Әрине, оңай емес. Себебі бұл сала үнемі даму үстінде. Жаңалықтарды қадағалап, біліктілікті арттырып отыру керек. Бірақ мен үшін бұл – үлкен ләззат. Себебі мен балалармен бірге үйренемін, жаңа дүниелер ашамын. Мұғалім үшін ең үлкен қуаныш – шәкіртінің жетістігі. Ал робототехникада әрбір жетістік – нақты нәтиже: қозғалған робот, орындалған бағдарлама, жеңіп алған жүлде.
–Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
– Алдағы уақытта мектепішілік робототехника лабораториясын толық жабдықтап, өз өңірімізде робототехника фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, колледждермен және университеттермен байланыс орнатып, оқушыларымыздың болашағына бағыт-бағдар бергіміз келеді. Менің арманым – шәкірттерімнің осы салада үлкен жетістікке жетіп, еліміздің технологиялық дамуына үлес қосуы.
– Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет! Шығармашылық табыс, табанды шәкірттер тілейміз!
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ