ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Иммунопрофилактиканың маңызы

Ауданымызда 2025 жылдың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Еуропалық иммундау апталығының мақсаты – әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту.
Вакцина (екпе) - ауру тудырушы микроағзаның шағын, әлсіз бөлігі. Оның құрамында антиген болады. Антиген адам ағзасына түскенде, қатерлі ауруға қарсы иммунитет түзеді. Сол иммунитеттің арқасында адам ағзасы күшейіп, аурумен күресудің жолын табады. Вакцинация - бұл медицинадағы жұқпалы ауруларға қарсы тиімді және үнемді құрал. Адамға вакцина ретінде белгілі бір аурудың немесе микроорганизмнің ең әлсіз, адам ағзасына қабындыруға шамасы жетпейтін бөлігі ғана енгізіледі. Микроорганизмді антиген деп атауға болады, алайда адамның ағзасына енгізілетін микроағза антигеннің өзі емес, антигенді түзуге көмектесетін бағдарлама. Одан адамның иммун жүйесі зардап шекпейді. Тіпті білмей қалады десек болады. Кейбір аурудың вакцинасы бір айда не бірнеше аптада екі-үш реттен салынады. Сонда ағза аурудың белгілерін "есте сақтап", індет туғызушы микроағзалармен күресуді үйренеді. Ал адам ағзасында аурумен күресетін микроағзаны – антиденешік дейді. Антиденешік – иммундық жүйенің маңызды бөлшегі. Аурумен күресетін жауынгер десек болады. Ал вакцинаның міндеті – адам ағзасына антиген жіберу арқылы антиденешік түзу.
Екпе зиян ба?
Екпе пайдалы. Індет боп тараған ауруды жеңудің екі-ақ жолы бар: бірі – ұжымдық иммунитет қалыптастыру, екіншісі – вакцина салдыру. Қазіргі таңда вакцина саласы заманауи инновацияларға қол жеткізілген, технологиялары әртүрлі. Қатерлі аурудың екпесі салынбаған қаншама баланың қиналып жатқаны аянышты. Сондықтан бір ауыздан екпе қажет екенін барша ата-ана ұғынуы керек. Қай вакцинаны алсаңыз да, емі бар. Зиян вакцина жоқ. Екпе – бұл адам ағзасына әлсіреген немесе өлтірілген микроб, вирус немесе анатоксин бар вакцинаны енгізу. Бұл заттар ауру пайда болған кезде қорғаныс бөлшектерінің (антиденелердің) пайда болуына ықпал етеді.
Вакцина қолдану балалар мен ересектер зардап шеккен және қайтыс болған бірқатар ауруларды азайтуға және жоюға мүмкіндік береді.
Иммундау халықтың барлық топтары үшін қолжетімді және тегін. Екпелер тізбесі ҚР Қаулысымен бекітілген.
Вакцинация – балалар мен барша тұрғындарды бірқатар инфекциялардан қорғаудың ең сенімді әдісі!
А.ҚҰДАЙБЕРГЕН –Аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маманы
Made on
Tilda