ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ұстаздық ету - ұлы іс

Білім
Өмірде ең аяулы мамандық иесі, барлық адамның өміріндегі аса қадірлейтін адамы – ұстаз. Ұстаздардың бар бақыты өзі тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған шәкірттері екені рас. Әрбір оқушының бойында ерекше бір қасиет болады. Оны дер кезінде байқап, баланың бойындағы дарынын аша білу ұстаздарға жүктеледі. Өзгенің бақытын аялаумен, өз уақытын аямаумен ғұмырын өткізетін ұстаздар қауымына бүгінгі таңда жүктелер міндет аса салмақты.
«Өмірде алдымен кімді қадірлеп, қастерлейсің?» десе, «Әрине, мұғалім!» дер едім. Мұғалім баланың жан дүниесін түсінетін, өмірде соқпақ жолдардан аман-есен сүрінбей өтуін тілейтін жан. Балаларға «Оқыған озар - оқымаған тозар» деген тағлымға толы өсиет айтып, рухани өміріне ықпал етеді. Қазіргі оқушылар өте сауатты, жан-жақты дамыған. Себебі, бос уақыттарында гаджеттерді пайдаланып, жаңалықтардан хабардар болып отырады. Тіпті, өз білімдерін онлайн сабақтар арқылы көтеріп отырады. «Баланың бақыты – жақсы мұғалімнің қолында» демекші ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне байланысты. Мұғалімнің міндеті оқушының жан-жақты дамуын зерттеп, үнемі санасып отыру.
«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кез сол кілт тұру керек» - деген М. Шаханов ағамыздың тамаша сөзі бар. Мұғалім әр баланың жүрегінен орын алып, бала бойындағы құпия дарынды ашатын тұлға. Ұстаз – өз мамандығын сүйіп, мақтан тұтуы керек. Сонда ғана еңбегінің жемісін көрмек.

Ташенова Баян Баққарақызы -
Қоссейіт жалпы білім беретін мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Made on
Tilda