ШАРТАРАП ШАРАЙНА

“Дарынды шәкірт – білікті ұстаз”

Білім
Түркістан облысының Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатына «Дарынды түлек – елге тірек» атты тақырыпта лицей cыныптарының апталығының ашылу салтанаты өз деңгейінде өтті.
«Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан» – деп, мектеп-лицей директоры Құлмаханбет Лаззат Өмірәліқызы барша қатысушыларды апталықтың ашылуымен құттықтап, апта аясында өткізілетін іс-шаралар пән бойынша білімді тереңдетуге, теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға, сонымен бірге білім алушылардың шығармашылық, коммуникативтік, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, мамандыққа кәсіби тұрғыдан бағдарлануына оң ықпал етіп, жақсы мамандық иесі болу, халқына, ұлтына пайдасын тигізу осы залда отырған кез-келген жасөспірімдеріміздің арманы болуы керек екендігін айтып, олай болса, алдағы ашық сабақтар мен іс-шараларға белсенділікпен қатысуға шақырып, сәттілік тіледі.
– «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуының бірден-бір кепілі – деп, директордың лицей сыныптары бойынша орынбасары Асылбекова Айгүлім әріптесіміз апталықтың жоспарымен таныстырып, бекітілген жоспар бойынша сабақтар өз деңгейде өткізілетінін, сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырылғаны, қызықты әдіс-тәсілдерді, оқыту мақсатына сәйкес тапсырмалар ойластырып, қойылған міндеттерді орындау бойынша бағалау критерийлері мен дескрипторлар қойып, топтық, жұптық, жеке тапсырмалармен оқушының сабаққа деген белсенді-ліктерін арттыруға, оқуға, білімді болуға шақырып, онкүндіктің ашылуымен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларды жоспарланған барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.
ТҰЯҚОВА Гүлшат Қуандыққызы,
«Шардара» мектеп-лицейінің қосымша білім беру педагогы.
Made on
Tilda