ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Спорт
Қол күресінен "Ұлы Отан соғысының ардагері Роман Қарсыбайұлы" атындағы XXVII облыстық турнирі өтті. Аталған турнирде кіл мықты, білекті де жүректі спортшылар күш сынасты.
Роман Қарсыбайұлы 1923 жылы дүниеге келген. Ол 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға аттанып, Сталинград, Курск доғасы, Берлинге дейінгі ауыр ұрыстардың бел ортасында болған. Ол батырлығы мен табандылығы үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін туған өлкесіне оралып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысты. Ұзақ жылдар бойы жастар тәрбиесі мен қоғамдық жұмыстарға бел шеше араласып, ел құрметіне бөленді. Өзінің ұлтжандылығы, батырлығы мен еңбекқорлығымен кейінгі ұрпаққа өнеге бола білді. Бүгінде оның есімімен аталып келе жатқан дәстүрлі турнир жас спортшыларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқаруда.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде білектілер өздерінің нағыз күш иесі екендіктерін көрсетіп, жүлделі орындарды бөлісті.
Жас-жеткіншек ұлдар арасында :
30 келі салмақта Е.Қорғанбек І орын, М.Бауыржанұлы ІІ орын, Е.Бекқан ІІІ орын.
35 келі салмақта И.Сайлау І орын, М.Қалдыбай ІІ орын, Н.Алтынбек ІІІ орын.
40 келі салмақта Д.Әбілда І орын, Р.Әнуар ІІ орын, М.Рахметулла ІІІ орын.
45 келі салмақта Н.Махмут І орын, Ә.Абдумутали ІІ орын, А.Рысбай ІІІ орын.
50 келі салмақта Д.Жолдашбай І орын, Ж.Қожабек ІІ орын, Т.Азаматұлы ІІІ орын,
55 келі салмақта А.Құлахмет І орын, М.Патилда ІІ орын, Б.Садыхан ІІІ орын.
60 келі салмақта І орын Ә.Нұғман, С. Ақылбай ІІ орын, С.Аязхан ІІІ орын.
65 келі салмақта З.Назар І орын, Ә.Қалдыбай ІІ орын, А.Темірбек ІІІ орын.
70 келі салмақта А.Әшім І орын, Б.Сапархан ІІ орын, Б.Сәрсенбай ІІІ орын.
70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Е.Ораз І орын, О.Сейдахан ІІ орын, Р.Талдыбек ІІІ орынды иеленді.
Жасөспірім ұлдар арасында:
50 келі салмақта А.Момын І орын, М.Анықбай, ІІ орын
Ә.Бекарыстан ІІІ орын.
55 келі салмақта Ж.Маманияз І орын, Д.Жолдашбай ІІ орын, Б.Қожабек ІІІ орын.
60 келі салмақта Н.Алдан І орын, Н.Әбсаттар ІІ орын, Б.Кенхан ІІІ орын.
65 келі салмақта Ә.Ибрагим І орын, Б.Мелдебек ІІ орын, Н.Бекхан ІІІ орын.
70 келі салмақта Ж.Дженбаев І орын, Э.Анвар ІІ орын, Б.Абдраймов ІІІ орын.
70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Е.Сәрсенбай І орын, М.Айтбаев ІІ орын, Е.Серік ІІІ орынды иеленді.
Жас-жеткіншек қыздар арасында:
40 келі салмақта Р.Смайл І орын, А.Жарылқасын ІІ орын, І.Жолдыбай ІІІ орын.
45 келі салмақта А.Зиядулла І орын, І.Әбу ІІ орын, Н.Сайдували ІІІ орын.
50 келі салмақта Н.Закирова І орын, Д.Жарылқасын ІІ орын, Н.Исенбай ІІІ орын.
50 келі салмақта Н.Рысбек І орын, А.Ақберген ІІ орын, М.Ашимбаева ІІІ орынды иеленді.

Жасөсіпірім қыздар арасында:
60 келі салмақта С.Сарсенбаева І орын, Ж.Жақсылық ІІ орын, А.Рысмұратова ІІІ орын.
60 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ұ.Эльмурат І орын, Ы.Оразхан ІІ орын, Ұ.Тазабек ІІІ орынды иеленді.
Осындай дәстүрлі спорттық турнирлер жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен серпін беретіні анық. Ұлы Жеңіс ерлерінің құрметіне ұйымдастырылған бұл жарыс – тек спорттық сайыс емес, рухани тәрбие мектебі десек артық айтқандық емес.

Аяжан ТӘЖІ
Made on
Tilda