Йод – адам ағзасының маңызды бөлігі. Мөлшері аз, 20-30 мг-нан аспағанымен, йод қалқанша без гормондарының түзілуінің таптырмас қатысушысы. Бұл гормондарды ағзаның барлық органдары мен жүйелері қажет етеді, олар ақуыз, май, көмірсулар алмасуына және терморегуляцияға әсер етеді. Йодтың жеткілікті мөлшері адамды физикалық және ақыл-ой белсенділігі үшін энергиямен қамтамасыз етеді, ағзаның өсуіне, дамуына және жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді. Йодтың тапшылығы болмаса, адам өзін сергек, өмірлік күшке толы, сау және көңілді сезінеді.
Белгілері: Йод тапшылығының эмоциялық белгілері тобына мыналар жатады: кісіге тән емес тітіркенгіштік, ұмытшақтық, зейіннің және реакцияның нашарлауы, ұзаққа созылған депрессиялық жағдай, өмірлік тонустың тө-мендеуі, ұйқышылдық және ағзаның жалпы әлсіздігі. Иммундық тапшылық тобы бір басты белгіні қамтиды – иммунитеттің әлсіреуі және соның салдарынан инфекцияларға, суық тию ауруларына ерекше бейімділік және созылмалы аурулардың дамуы. Ісінулер де йод жетіспеушілігінің алғышарттарының бірі болып саналады. Бұл көз айналасындағы ісінуге де, басқалардың бәріне де қатысты: қол, аяқ және т.б. Ақырында, адамда йод тапшылығының ең айқын белгілерінің бірі – зобтың өсуі. Йод жетіспеушілік ауруының ішінде аса қауіптісі – эндемиялық жемсау. «Эндемиялық» деген термин «Белгілі аймаққа тән» деген мағынаны білдіреді. Мұның салдарынан көптеген аурулар мәселен, түйінді құрылымдар мен қатерлі ісіктер дамуы мүмкін. Йод жетіспеушілік ауруларының ең ауыр түрлері – балалардың ақыл-есі мен дене бітімі дамуының кешеуілдеуі, жыныс органдарының жетілмеуі, көңіл күйінің тұрақсыздығы, депрессияға ұшырауы мүмкін, ұмытшақ, есте сақтау қабілетінің төмендуі, екіқабат әйелдердің түсік тастауы немесе керең, көзі көрмейтін, ақыл-есі кем балалардың тууы. Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы (энде-миялық жемсау) ұл балаларға қарағанда, қыз балаларда көбірек кездеседі. Эндемиялық жемсау 6-7 жастан басталып, есейе келе тіпті жоғарғы деңгейге ұласады. Эндемиялық жемсау Қазақстаның барлық облыстарына тараған. Ол әсіресе республикамыздың оңтүстігі мен шығысында жиі кездеседі. Эндемиялық жемсауға душар болған бала тез ашуланғыш, тершең болады. Инфекциялық аурулармен көп ауырады, әлсіз, шаршағыш келеді. Мектептегі сабақ үлгерімі нашарлап, бойының дұрыс өспей қалуы, тіпті жыныстық жетілуінің бұзылуы ықтимал. Дер кезінде емделмесе мұндай баланың ойлау қабілеті төмен болып, мектепке барғанда нашар оқиды.
Йод тапшылығының алдын алу: Йодтың 90 пайызын адам тағамнан алады, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Сондықтан йод жетіспеушіліктің алдын алуда дұрыс тамақтану басты рөл атқарады. Йод жетіспеудің алдын алудың ең тиімді жолы – йодпен байытылған теңіз өнімдерін (теңіздің ұсақ жәндіктерін, теңіз балықтарын, теңіз балдырларын, теңіз қырық-қабаттарын) тағамға пайдалану болып табылады және де ет, сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар екенін есте ұстаңыз. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда ондағы йод жойылып кетеді. Сонымен қатар көкөністер ішінде – қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс жидектер ішінде- құрма, алма, жүзім, шие, қара ала, шабдалы, грек және балқарағай жаңғақтарында, ал жармалар ішінде қарақұмық және тары құрамында йод мол болады. Сондықтан күнделікті өмірде аталмыш тағамдарды жиі пайдалану – йод жетіспеушіліктің басты жолы.
С.НАЗАРБЕКОВА–
Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы