«Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген ата-бабамыздан қалған сөзді білмейтін адам кемде-кем шығар, сірә. Талай ашаршылық, алапат зұлмат жылдарында аталарымыздың жанына араша болып қалған, ұрпақ жалғастыруына сеп болған дүниенің бірі – балық. Қазіргі таңда ата-бабаларымыз қастерлеген су маржанын қалай қадірлеп, қаншалықты тиімді пайдаланып жүрміз?
Бүгінгі күннің талабына сай балық аулау түрлерін саралап бөлетін болсақ, олар - кәсіпшілік, әуесқойлық-спорттық, ғылыми-зертеулер үшін, бақылау үшін, мелиорациялық, өсімін молайту мақсатында, эксперименттік аулау болып бірнеше тәсілдерге бөлінеді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593-і «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» туралы заңында балық шаруашылығын қалай жүргізу керек, балық және аң аулау тәртібі, уақыты, мезгілі толығымен көрсетіп берілген.
Балық аулауға тыйым салынған құралдар пайдаланып, балық аулау қағидаларын бұзып, заңды белшесі-нен басып пайда тауып жүретін азаматтарымыздың да бар екені баршамызға белгілі. Халық арасында ба-лық аулау туралы үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары әрдайым жүргізіліп келе жатса да кейбір азамат-тарымыздың заңсыздыққа бой алдырғаны анықтала қалған жағдайда «заңды білмедім, хабарым жоқ» деп жүресінен отыра кететінін қайтерсің.
«Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды» деген аталы сөзді бір сәт қаперімізге алып, қоршаған ортамызға қамқорлық жасап жүрсек келер ұрпақтың мол несібесі балық қорын аман сақтап, болашаққа мұраға қалдырарымыз хақ.
Енді осы балық және аң шаруашылығының жай-күйі, балық қорғау іс-шараларының ахуалы қандай жағдайда, соған тоқталып кетейік.
2024 жылдың 9 айында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен және балық шаруашылығымен айналысатын табиғат пайдаланушылардың қорықшыларының қатысуымен, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің мамандары тарапынан жиі жоспарлы түрде бірлескен рейдтер ұйымдастырып, бақылау рейдтік шаралар жүргізу барысында балық аулау қағидасын бұзу бойынша барлығы 133-ке жуық іс анықталып, оның ішінде 1 қылмыстық іс анықталып, полиция бөлімдеріне тапсырылды. Әкімшілік істер бойынша 2691,4 мың теңге айыппұл салынып, 2399,8 мың теңгесі өндірілген. Өрескел заң бұзушылықтар бойынша табиғатқа келген залал 861,4 мың теңге құрап, қазіргі таңда 349,4 мың теңгесі өндірілді.
Рас, қазіргі таңда балық аулауға арнайы рұқсат құжаттарын заңдастырылған түрде рәсімдеген тұрғын-дарымыз да аз емес. Сонда да жоғарыда айтылған жыл бойғы жинақталған көрсеткіштердің қорытындысы көңіл көншітерліктей емес екені мәлім болып отыр.
Балық қорын сақтау шараларына тоқтала кетсек, бүгінгі таңда балықшылар арасында полиамидтік синтетикалық талшықтан жасалған ауларды (халық арасында - қытай аулары) пайдаланушылар көлемі азайғанымен, әлі де болса ішінара кездесіп отыр. Бұл аудың балық қорының азаюына тигізетін әсері өте зор көлемде екені көпшілікке белгілі. Полиамидтік ауларды ұзақ уақыт суда қалдырып кеткен жағдайда оған түскен балықтардың суда шіріп, экофаунаны бүлдіріп, әр түрлі аурулар туғызуы мүмкін екенін Инспекция қызметкерлері ардайым көпшіліктің есіне салып келеді.
Алдағы уақыттың еншісінде Инспекция қызметкерлері табиғат заңдылықтарын сақтау мақсатында атқаратын іс-шаралардың ауқымын азайтпақ емес. Балық қорын сақтау, қорғау және қамқорлық жасау мемлекеттік балық инспекторларының ғана емес, өңіріміздің барлық тұрғындарына бабаларымыздан қалған аманат екенін ұмытпайық!
М.ҚАРАҚҰЛ –
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы