Бүгінгі қоғам – ақпараттық технология дәуірі. Заман талабына сай білім беру жүйесінде де жаңашылдық күн санап артып келеді. Соның ішінде тарих пәнін оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі ерекше орын алады. Жаңа технологияларды тиімді пайдалану – білім беру сапасын арттырып қана қоймай, оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға жол ашады.
Тарих сабағында компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулықтарды қолдану – оқушының ой-өрісін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мультимедиялық құралдар, бейнематериалдар, тест тапсырмалары оқушылардың білімін тереңдетуге ықпал етеді. Оқытудың осы әдістері арқылы оқушы тек тыңдаушы емес, ізденуші, зерттеуші деңгейіне көтеріледі.
Сабақ барысында визуалды және аудиоматериалдарды, анимациялар мен тарихи фильм үзінділерін қолдану оқушылардың өткен материалды тез әрі нақты қабылдауына септігін тигізеді. Бұл – тарихи оқиғаларды тек есте сақтау ғана емес, терең ұғынуға, талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысты өткенде, Венн диаграммасын, интерактивті тапсырмаларды, бейнежобаларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген ынтасы артқаны байқалды.
Ақпараттық технологиялар оқушының өз бетімен білім алуына, дерекпен жұмыс жасауына, салыстыру, талдау, сараптау секілді қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік тест тапсырмалары оқушы білімін жекелей бақылауға, оқу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл оқушының логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытады.
Қазіргі заман мұғалімі – тек білім беруші емес, сонымен қатар оқушыны өздігінен білім алуға бағыттай алатын, жаңа технологияларды жетік меңгерген, ақпараттық сауатты тұлға болуы тиіс. Мұғалім интерактивті тақтаны, сандық ресурстарды, бейнематериалдарды сабақ мазмұнына сай тиімді пайдалана алғанда ғана оқу үрдісі қызықты әрі нәтижелі өтеді.
Тарих сабағында жаңа технологияны қолдану – оқытудың сапасын арттыратын, оқушының білімге құштарлығын оятатын маңызды құрал. Бұл бағытта жұмыс жасау – әр ұстаздың кәсіби міндеті ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілігі деп білемін.
Ұлбосын ӨТЕПБЕРГЕН – А.Әлімбетов атындағы ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі