Бұл күндері шардаралықтар ресми түрде құрылғанына алпыс жыл толып отырған ауданымыздың мерейтойын кең көлемде атап өтуде. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары, яғни 1964 жылы құрылған шағалалы өңірдің тарихы тым әріде жатқан, бай да қастерлі мұрадан бастау алатыны баршамызға аян. Осы орайда, мерейтой қарсаңында ауданымыз орналасқан аумақтың тереңге тамыр тартқан шежіресіне қатысты бірқатар тың деректермен бөліспекпіз.
Біздің ауданда ежелгі замандардың үнін жеткізіп тұрған «Жаушықұм», «Сүткент», «Ақтөбе» және «Сейіттөбе» сынды ертеортағасырлық қалалардың орын тепкені мәлім. Бұл нысандар тек Шардара өңірі үшін ғана емес, тұтас республика деңгейінде маңызды тарихи ескерткіштер саналады. Осы құнды дүниелер жайлы аудандық музей тарапынан бірнеше мақала дайындалып, жазылды. Сондай-ақ аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Құм қойнауындағы қазына. Шардараның көне тарихы» атты кітапқа да едәуір көлемде деректер енгізілді. Аталған кітаптағы материалдардың дені музейде жинақталып, жүйелі түрде жазылып шыққанын да айта кету ләзім.
Ал енді ХХ ғасырдың бас кезінде Шардараға қатысты тағы бір маңызды мәліметке тоқтала кетейік. Ресей патшалығы шенеунігі И.А. Бржевиций 1906 жылы жазған «Ескі Шардара арығы туралы» естелігінде: «алпыс шақырымға созылып жатқан барлық өзен жағалауын суландырған үлкен ирригациялық жүйенің белгілерін көруге болады» деп жазады. Мұның өзі – Шардара жерінің тым көнеден тамыр тартқан, тұнған тарихтың куәсі екенін көрсетеді. Әйтсе де осы «Ескі Шардара арығы» жайлы мағлұматтар бізге әлі де қажет. Алдағы уақытта бұл тақырып кеңірек зерттеуді талап етеді. Аталған канал тікелей Шардараны және Қызылқұм шөлін суландыру, сондай-ақ егіншілік мәдениетін дамытуды көздеп қазылғаны анық.
Мақаланың бас жағында сөз болған ертеортағасырлық кезеңдер мен патшалық Ресей дәуірі – барлығы да қазан төңкерісіне дейінгі уақыт шеңберін қамтиды. Ал 1956 жылдың бас кезінде өткен Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ХХ съезіндегі қабылданған нұсқауларда КСРО халық шаруашылығын дамытуға арналған алтыншы бесжылдық жоспарында тың жерлерді игеру, оның ішінде Бетпақдала мен Қызылқұм алқабын игеру мәселелері кеңінен қозғалды. ХХ съезд шешімдерін орындау мақсатында «КПСС Орталық комитеті мен КСРО және Қазақ КСР-інде Бетпақдаланың тың жерлерін суару және игеру туралы» қаулы қабылданды. Осы қаулы негізінде Бетпақдаланың 300 мың гектар жерін игеру, суару жұмыстары толыққанды жоспарға енді. Құзырлы органдарға Шардара су электр станциясы мен су қоймасын салуға қатысты ұсыныстар 1957 жылдың 1 қаңтарына дейін КСРО Министрлер Кеңесіне тапсыру жүктелді.
Міне, қадірлі жерлестер, бүгінде аты шартарапқа жайылып, республикалық деңгейде өзіндік орны бар ауданымыз алпыс жылдық межеге келіп отыр. Жоғарыда аталған тарихи маңызы зор құжаттар мен шешімдердің нәтижесінде, 1964 жылы Шардара ауданының іргетасы қаланғаны баршаға аян. Бүгінде көркейіп, гүлденген Шардарамыздың болашағы бұдан да жарқын боларына сенім мол. Өйткені ауданымыздың әлеуеті зор, келешекте талай ауданымыздың талай жетістіктеріне куә болатынымыз анық. Ендеше, туған жеріміздің жаңа белестер мен биіктерге көтеріле беруін тілейік. Мереке баршамызға құтты болсын!
Нұрлан Смаилов – ҚР Журналистер Одағының мүшесі.