Қараша айының 7-9 күндері Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 500-ден астам балуандар сайысқа түсіп, кіл мықтыны анықтады.
Аталған бәсекеге жерлесіміз Шамшидинов Қайсар 100 келіден жоғары салмақта сайысқа түсіп, қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тағынды.
Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта өтетін жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз!
«Шартарап–Шарайна» газетінің ұжымы