ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Спортшы оқушыларға стипендия табысталды

Спорт
Аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінің 1981 жылғы түлектері – «Алтын белгі» иегері, Шардара ауданының Құрметті азаматы, «Прокуратура органдарының құрметі қызметкері» Қаныбеков Мейрамбек Махамбетәліұлы және 31 жыл бойы ірі мекемелерде бас есепші, аудиторлық компанияда бас маман болып қызмет атқарған, «Бухгалтер-аудитор» мамандығының иесі Халбаева Нұрсұлу Камалқызы – туған жерге, «Алтын ұя» мектебіне тағзым ретінде 2021-2022 оқу жылынан бастап оқушыларға ай сайын ақшалай ынталандыру стипендиясын тағайындап келеді. Бұл стипендия үздік және жақсы үлгерімі бар, сондай-ақ түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған білім алушыларды қолдауға бағытталған.
2025 жылдың 24-27 қаңтар күндері Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен волейболдан қыздар арасындағы «TAS-HKENT OPEN CUP U18» халықаралық турнирінде «Шардара» мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі І орынды иеленді. Осы жеңістері үшін спортшы қыздарға Мейрамбек Махамбетәліұлы мен Нұрсұлу Камалқызы тағайында-ған 20 000 теңге көлеміндегі ақ-шалай ынталандыру стипендиясын мектеп-лицей директоры Құлмаханбет Ләззат Өмірәліқызы салтанатты түрде табыстап, жеңістерімен құттықтады. Ол жас спортшыларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірді.
Ж. ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda