Күн шуағы төгілген Шардара төрінде спорт сүйер қауым айтулы доданы тамашалады. Шаһардың еңселі Спорт кешені жас дзюдошылардың шеберлігін сынайтын алаңға айналды. 2012, 2013, 2014 жылдары туған жас палуандар татамиге шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл дүбірлі сайыс Әкімбай Жақыпбаевты еске алуға арналды.
Жарыс шымылдығы салтанатты түрде түрілді. Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Тоқтарұлы Айдаров құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Татамиде жасындай жарқылдап, өз шеберлігін паш еткен балғын дзюдошылардың айқасы көрерменнің көңілінен шықты.
Жарысқа Шымкент қаласы мен Түркістан облысының түкпір-түкпірінен үздік командалар жиналып, тартысты белдесулер өтті. Әр айқас жігер мен қайсарлықтың, табандылық пен төзімділіктің көрінісі болды.
Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте І орын – Шардара ауданының спортшыларына бұйырды. ІІ орынды Шымкент қаласының өрендері иеленсе, ІІІ орын Сарыағаш ауданының жас палуандарына бұй-ырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дайындалған медальдар, грамоталар және кубоктар табысталып, сайыс өз мәресіне жетті. Бұл турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, достық пен бауырмалдықтың, спорт рухының мерекесіне айналды.
«Шартарап–Шарайна» ақпарат.