Есбол Сұлтановтың (Instagram: @yesbol_sultanov) Шымкент іргесіндегі шағын ғана Қарабастау ауылынан әлемдегі ең үлкен таэквондо алаңдарына дейінгі басып өткен жолы тура бір ұлы жеңістер туралы кітаптардан көшірілгендей. Бүгінде оның есімі бүкіл әлемді дүр сілкіндірді: Тунис құрамасын жаттықтыратын қазақстандық World Taekwondo нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік жаттықтырушысы деп танылды.
Есболдың жетістік тарихы спортта тек спортшылардың таланты ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушының көрегендігі мен команда әлеуетін аша білу қабілеті маңызды екенін еске салады. Оның Тунис құрамасымен атқарған жұмысы тәжірибе, бейімделгіштік және жеке тәсілдің қысқа мерзімде амбицияларды медальдарға, ал аз танымал команданы әлемдік аренадағы қаһарлы қарсыласқа айналдыра алатынын дәлелдеді.
Есбол Сұлтанов жай ғана бапкер емес, ол жеңістердің сәулетшісі. Оның мансабы Қазақстанда басталып, көп жылдар бойы ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Алайда 2023 жылы оның алдында жаңа көкжиектер ашылды: Ол Тунис таэквондо командасын басқару ұсынысы еді. Шешім қабылдау үшін тәуекелгебел буу керек болды, бірақ дәл осы қадам оның мансабындағы үлкен бетбұрыс болды.
Сұлтанов келгенде команданың жағдайы аса мақтарлық емес еді. Әлемдік деңгейде танымал емес атлеттер, жұлдызды есімдердің болмауы – мұның бәрі ерекше тәсілдер мен нәтижеге деген толық сенімділікті талап етті. Ол осы сынақтан сүрінбей өтті. 2024 жылғы Париж Олимпиадасы оның шәкірттері үшін нағыз триумфқа айналды: Фирас Катусси Тунистің қоржынына алтын медаль салса, Мохамед Халиль Джендуби қола медальға ие болды.
Бұл Тунис үшін тарихи оқиға болды. Есбол үшін бұл нағыз жаттықтырушының спортшыларды дайындап қана қоймай, мүмкін емес істерге шабыттандыруға қабілетті екенін дәлелдеу болды.
Сұлтановты ерекше жаттықтырушы еткен нәрсе бір ғана себепке байланысты емес. Бұл – әдістеме, психология және өз ісіне деген құштарлықтың симбиозы. Біріншіден, ол тактикалық тәсілдің шебері. Оның шәкірттерінің әрбір жекпе-жегі – мұқият ойластырылған стратегия. Сұлтанов кез келген жағдайда жеңіске жетуді үйретпейді, ол спортты түсінуге, қарсыласты «оқуға», суыққандылықты сақтауға үйретеді. Екіншіден, ол өз спортшыларына сенеді. Тіпті оларға басқа ешкім сенбеген кезде де. Оның сенімі, мол тәжірибемен нығайтылған, атлеттер үшін сенімділіктің негізіне айналған.
Сенім және тәртіп. Сұлтанов – өте талапшыл, бірақ сонымен бірге ешнәрсені аямайтын жаттықтырушы. Ол талантты - нәтижеге, ал күмәнді - шешімге айналдыруды біледі.
QAZSPORT телеарнасының хабарлауынша, Тунис құрамасымен келісім-шартын аяқтаған Есбол Отанына оралып, Қазақстан құрамасының тізгінін қолына алуға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл қадам жинақталған халықаралық тәжірибені қолдануға және отандық таэквондоны жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Есбол Сұлтановтың тарихы – бұл тек шабыт қана емес, сонымен бірге үлкен сын. Бұл қазақстандық бапкерлердің әлемнің үздіктерімен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатындығын дәлелдейді. Біздің әлеуетіміз орасан зор, тек оны дұрыс бағытқа бағыттауымыз керек.
Сұлтановтың Қазақстанға оралуы отандық таэквондо үшін жаңа кезеңнің бастамасы болуы мүмкін. Өзінің тәжірибесімен және іске деген құштарлығымен ұлттық құрама жай ғана жаттықтырушы емес, жеңіске жету жолын білетін көшбасшыға ие болады.
Ал, бәлкім, бірнеше жылдан кейін біз келесі Олимпиадада Карабастау шеберінің ерен еңбегінің арқасында Қазақстан туының көкте желбірегенін еститін боламыз.
Еркежан ТӘЖІБЕК