Қазіргі таңда үлкен проблемамыз балалардың көңлі қол телефон мен компютерлік ойындарға ауып кеткен. Балаларымыздың болашағы сол телефонның ішінде кетіп барады. Оның бетін бері қайтару ата-анаға байланысты. Ата-ана үйінде балаларының көзінше кітап, газет-журналдар оқыса, оқығанын бөліссе балалардың кітапқа деген құштарлығы артар еді. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» демекші, балаға кішкентайынан ертегі кітапты ұстатып, ішіндегі суреттерін көрсетіп, ертегі оқып берсе кітапқа деген құштарлығы артар еді.
Ертеңім еңселі, келешегім кемел болсын дейтін халық – кітап оқуды берік әдетке айналдырса болашағы зор болар еді. Кітаптің берер азығы көп. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытады. Сөз қорын көбейтеді. Кітап оқудан қол үзбей келе жатқан аға-әпкелерімізге кітап сыйласақ, қуанып қалатыны рас. Кітап оқу, кітап сыйлау үрдісі – әрқашан жалғасын таба берсе дейміз.
Кітап оқып, оның ішіндегі жағымды образдарға еліктеп өскен аға буын өкілдері қазірге дейін сөз арасында сол кездегі кітапқа деген құштарлығын, жаңа шыққан бір кітапты оқуға кезекке тұрғандарын, ондағы сүйікті кейіпкерлері жөнінде айтып отырады.
Қазіргі таңда аудандық ауылдық, мектеп кітапханаларында жүйелі іс-шаралардың өткізілуінің арқасында оқырмандардың кітапқа деген құштарлығы артып келеді. Мысалы, бір үйде бір домбыра ілулі тұрса сол үйдің тұрғындары домбыра шертуді үйренетіні сияқты, үйдегі кітап сөресіндегі кітапты да қолына алып, ашып көретіні рас. Сондықтан кітап сатып алып, оны балаға сыйлауды дәстүрге айналдырсақ деймін.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ