ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Алатау батыр ауылдық округінде орналасқан ауылдық орталық аурухана қызметкерлерімен «Діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округінде орналасқан ауылдық орталық аурухана қызметкерлерімен «Діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Төребаев қатысты.

Кездесудің мақсаты - діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту. Радикалды діни идеологияны уағыздаушылардың қоғамға тигізер қауіптілігі ашылып, діни көзқарастардың мәні туралы сұрақтарға айқындық енгізілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қазіргі таңда жастарымыздың жат ағамдардың арбауына түсіп қалмауы үшін жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру керектігін, әлеуметтік желілерде тыйым салынған уағыздардан сақтануын түсіндіре келе тұрғындарға ҚМДБ - ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, халқымыздың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды. Сондай - ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды. Іс - шара соңында қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша жауаптар берілді.
Made on
Tilda