Рахимова Базаркүл Сагиндиковна – Киров ауданының «ХХ Партсъезд» совхозында дүниеге келген. Аталмаш совхоздағы А.С.Пушкин атындағы орта мектепті үздік бағалармен бітірген. Шымкенттегі М.Әуезов атындағы педагогикалық институтта оқып, «математика пәні мұғалімі» мамандығымен бітіріп, қазіргі таңда С.Каттабеков атындағы жалпы білім беретін мектепте мамандығы бойынша қызмет атқарады. Еңбек өтілі 37 жыл.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздық жолды таңдаған әрбір мұғалім, бұл мамандыққа келерде үлкен жауапкершілікпен келгені дұрыс. «Ұрпақ тәрбиесі – ұстаздың қолында» демекші, жастарды тәрбиелеуде ұстаздардың атқарар рөлі өте маңызды.
Бүгінгі таңда Сырбек Каттабеков атындағы жалпы білім беретін мектепте математика пәнінен сабақ беріп жүрген Рахимова Базаркүл апайдың ұстаздық жолы көпке үлгі. Ол осы аталған мектепте «пионервожатая» болып жұмысқа орналасып, ұйымдастырушы-педагог, бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
– Менің еңбек жолымда шәкірттерімді зерттей келе түсінгенім, математика пәнін сүйіп, есепті жақсы шығаратын баланың басқа сабақтарға да қабілеті жоғарғы деңгейде болады. «Математика – ғылымдардың патшасы» деп бекер айтпаса керек, оны білген адам барлық мамандыққа тез бейімделеді. Қазіргі заманда мұғалім болу, оқушылармен жұмыс жасау оңай емес. Мұғалімдер оқушыға білім беріп қана қоймай, оқушыны өздігінен білім алуға тәрбиелейді. Бұрын оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір оқушының іс-әрекетімен мектептердің білім сапасы бағаланады. Біздің заманда «пионер», «комсомол» ұйымдары болатын. Сол тәрбиені алғаннан соң, патриот болып өстік. Оқушыларды оқытқанда да жанымызды салып оқыттық. Бұрындары ата-аналар «ұстазыңды тыңда», «осы баланы адам қылыңыз» десе, ағайлар балаларды тәртіпке салып арасында ұрып-ұрысса, қазіргі таңда оқушыны ұрмақ түгілі, ұрыса да алмайсыз. Сондықтан оқушыларға жай сөйлеп, байыппен түсіндіру қажет, – дейді Базаркүл Сағындыққызы.
«Шәкірттің білімді болуы – ұстаз қолында», демек шәкірт білімді болуы үшін, алдымен ұстаздың білімді болғаны абзал. Білімділік пен ізгілікті бойына жинап, шыдамдылық пен еңбексүйгіштік қасиеттерін үйлестіре қырық жылға жуық еңбек еткен Базаркүл Рахимова ұстаздық жолында талай шәкірттерді түлетіп шығарды. Білгір ұстаздың жолын қуған шәкірттері де баршылық. Атап өтсек, Қияқбай Әсемай, Сембай Мейрамкүл математика пәнін таңдап, оқуын былтыр аяқтаса, Шындалиева Салтанат «Алтын төбе» ауылында, Мұсабекова Жансұлу «Ақ алтын» ауылдарының мектептерінде математика пәнінен сабақ береді.
Ал биылғы жылдың өзінде оқушысы Ешенқұл Ердәулет Сәкенұлы 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.
Базаркүл Сағындыққызы сапалы білім берудегі игілікті істері, озық тәжірибесі мен шығармашылық еңбегі үшін Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Ә.Көмекбаева «Құрмет грамотасымен» марапаттаған. Аудандық тамыз педагогикалық оқуларда ұйымдастырушы-педагог секциясы бойынша баяндамасы ІІ орын иеленген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қ.Әбдиевтің, «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Е.Бекеттің, Шардара ауданының бұрынғы әкімі Қ.Жолдыбайдың «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінде ой өрісі жоғары дамыған, салауатты өмір салтын ұстанатын, жан-жақты, парасатты ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың үлесі зор. Бүгінгі кейіпкерімізге ұлағатты ұстаздық жолыңызда ұлы тұлғаларды тәрбиелеуде жемісті еңбек ете беріңіз деп тілектестігімізді білдіреміз.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ