Шардара аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері Жумабекова Айгүл Жайыққызының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі мекемелер арасында 06.11.2024 жылы аудандық «Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» тақырыбында Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында байқаудың аудандық кезеңі өз дәрежесінде өтті. Байқауға 22 педагог қатысып өздерінің дамытушы авторлық инновациялық-педагогикалық идеяларымен бөлісті.
Байқаудың мақсаты қазіргі жағдайда аудандық мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің үздік дамытушы авторлық, вариятивтік бағдарламаларын анықтау, жалпылау және талдау болды.
Байқаудың міндеттері:
-педагогтердің шығармашылық әлеуетін, әдістемелік шеберлігін дамыту үшін жағдай жасау;
-педагогикалық процестің мазмұнын жаңарту бойыншы авторлық инновациялық-педагогикалық идеяларды іздеу.
Байқау нәтижелері бойынша педагогтер түрлі номинациялармен және І-ІІ-ІІІ орындармен марапатталды. Байқауда өзінің педагогикалық шеберлігімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде шығармашыл педагогикалық-инновациялық идеясымен басымдық танытып «Қоқысқа екінші өмір сыйлау» тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен «Бәйшешек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Жаукимова Айгүл Түзелбайқызы жүлделі орынды жеңіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Айгүл Түзелбайқызына алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Барша марапат иелерін жүлделі орындарымен құттықтаймыз!