ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Арман Қарсыбаев гір спортынан Әлем чемпиондарын қабылдады

2024 жыл қазан айының 10-15 күндері Грекия елінің Корфу қаласында гір спортынан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен гір тасын көтеруші сақа спортшылар жиналған байрақты бәсекеде жерлестеріміз Байдуллаев Бағжан (63 кг) серпе көтеру және Қуаныш Ерасыл (78 кг) ұзын айналу бойынша қарсылас шақ келтірмей Әлем чемпионы атанды.
«Сіздерге, Грекия елінің Корфу қаласында өткен гір спортынан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, үздік нәтиже көрсеткеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер бойларыңыздағы қайсар мінез бен жалынды жігеріңіздің арқасында жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің абыройын асқақтатумен бірге ауданымызда гір спортының дамуына белсенді түрде атсалысып жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола білдіңіздер. Ауданымыздан гір көтеру спортынан ересектер арасында алғаш рет Әлем чемпионы шығып отыр. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, спортта жеңісті күндер тілеймін!» деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, жаттықтырушы Абдраханов Мұхан Ұзақбайұлына құрмет көрсетіп, Алғыс хат пен сый-сияпаттарын тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda