ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА: ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Төтенше жағдайлар
Қазіргі күнде шіркейдің көбейіп келе жатқандығына байланысты тұрғындарға қолайсыздық туындауда. Шіркейдің көбейіп кетуінің алдын-алу мақсатында ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Сырдария өзенінің Шардара ауданынан өтетін бөлігіне биологиялық препараттармен дезинсекциялық өңдеу жұмыстары қолға алынып, мердігер мекеме "Satti Tulik" ЖШС дернәсілді жою үшін бактицид препаратын суға жіберу әдісін бірнеше рет жүргізді.

Бүгін Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ж.Аитбеков және аудан әкімінің орынбасары Е.Қаратунов шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстарын бақылап, шіркейге қарсы шараларды күшейтуді пысықтады.

Ендігі кезекте су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елді мекен аймақтарында химиялық өңдеу әдісін қолдану жүргізіледі.
Made on
Tilda