ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Мақта көбелегімен күресті тиімді жүргізейік

Төтенше жағдайлар
Шардара аудандық фито-санитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орта-лығының мақталық алқаптарды тексеру барысында мақтаның аса қауіпті зиянкесі- мақта көбелегінің мақтадағы ІІ-ұрпағының жұлдызқұртшалары жаппай шығып зиян келтіре бастағанын анықтады. Мақтаның аса қауіпті зиянкесі- мақта көбелегі мақтаның сонымен қатар жүгері, қызанақ тағы басқа дақылдардың аса қауіпті зиянкесі. Қуыршақтары топырақта 8-10 см тереңдікте қыстайды. Ауа райы жағдайларына байланысты сәуір-мамыр айларында қуыршақтан көбелектер ұшып шығып арамшөптің гүлінің шырынымен қоректеніп шағылысады, содан соң жұмыртқа салады. Бір аналық көбелек өсімдік түріне қарап 500 ден 2500 данаға дейін жұ-мыртқа қояды. Жұмыртқаларын әр түрлі өсімдіктерге, ал мақтаға шанақтау кезінде салады. Бір маусым ішінде 3-4 ұрпақ беріп дами алады. Сондықтан, мақта көбелегінің бірінші ұрпағы арамшөптерде, ал 2-3-4 ұрпағы мақта дақылында дамиды. Жұмыртқадан күндік температураға байланысты 3-5 күннен кейін жұлдызқұрттар шыға бастайды. Кіші жастағы (1-2) құрттар өсімдіктің жоғарғы жағындағы гүл шанақтарын зақымдап, өсе келе өсімдіктің ортаңғы және төменгі қабаттарына өтеді, гүлді, түйілген көсектерді зақымдайды. Жұлдызқұрттар өнімге 50-60 пайыз, кей жылдары одан да көп шығын келтіреді. Мақта көбе-легінің ұшқанын феромон тұтқыштар арқылы білеміз. Феромон тұтқыштар әр 2-5 гектарға 2-3 феромон тұтқыштар орнатылады. Мақта көбелегіне қарсы энтомофактарды жіберу тәсілі. Трихограмманы 5 пайызы тірілтіп ағаш ұнтағы мен араластырып, керек мөлшерде 1 га алқапта 100 жерден (10х10) өсімдік көлеңкесіне қойып шығады. Трихограмманы таңертең сағат 6-00 ден 10-00 ге дейін, кешкі 19-00 ден 21-00 дейін жіберу қажет. Себебі осы уақыт аралығында трихограмма белсенді қозғалыста болады. Алтынкөз энтомафагінің 3-4 күндік жұмыртқаларын лентамен 1га алқапта 100 жерден (10х10) өсімдіктің орта және төменгі қабатына қойып шығамыз. Егер мақта көбелегінің жұлдызқұртшалары 3 жасқа жеткен болса 3 рет 7-8 күн өткізіп 1:20, 1:10, 1:5 арақатынаста бракон энтомафагін жібереміз. Мақта зиянкестерімен толық биологиялық тәсілмен күресу үшін әр ұрпағының өсіп-өнуін бақылап дер кезінде аудан көлеміндегі биофабрикалар мен биозертханалардан пайдалы энтомафагтардың алып, зиянкестердің пайда болуымен, деңгейіне қарап керекті мөлшерде мақта алқабына жіберсе оң нәтиже береді. Ал мақта көбелегінің жұмыртқалары немесе жұлдызшалары әр өсімдікке 9-10 данадан асқан жағдайда ғана Қазақстан Республикасының тізіміне енген химиялық препарараттармен және техникалық қауіпсіздікті сақтап химиялық өңдеуді ұсынамыз. Шардара ауданы үшін өнімді қауіпсіз, таза тәсілі ретінде және қоршаған ортаның пестицидтерден ластануынан сақтауға биологиялық әдіс ең тиімді болып табылады.
Н. ОРАЗБАЕВ–
Шардара аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині инспекторы
Made on
Tilda