Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы
Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы
Қазіргі білім саласындағы тəжірибе білім беру үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа көзқарасты қалыптастыру, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру – оқушылардың білім беру бағдарын өз бетінше таңдауына, негіз бола алады. Кез-келген елдің бәсекеге қабілеттілігі, болашағы жас жеткіншектердің біліміне байланысты екені белгілі. Білім саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып жатыр. Бұл бағытқа салынып жатқан қаржы – болашаққа салынған, қайтарымы мол инвестиция десек артық айтқандық емес. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының желісі 31 мектеп, 2 мектептен тыс мекеме, 40 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс атқаруда. Білім беру мекемелерінде 23000-нан аса оқушы, тәрбиенуішілер білім алуда.
Білім алушы жасөспірімдерге сапалы да саналы тәрбие беру ісінде 3363 педагог кадр еңбек етуде.
Білім алушылар мен ұстаздардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, ортақ білім беру бағдарламаларын жасаудағы ынтымақтастық шеңберінде «НЗМ» Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті», «Өрлеу» БАҰО-мен меморандум негізінде жұмыстарды жүйелі атқарып келді.
«Инновациялық іс-әрекет, тәжірибе және нәтиже» бағытында ауданда мұғалім тәжірибесіндегі білім жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу (Lesson studi), кәсіптік бағдарлау бағытында «Мамандық таңдау – болашықты таңдау», «Тарих сабағында ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы деңгейлеп-саралап оқытудың тиімділігі», театрланған қойылымдар арқылы оқырмандарды қазақ әдебиеттерін оқуға тарту, көркем және әдеби шығармашылықты дамыту мақсатында «Кітапхана + театр», «KEMEL BOL» кітап оқу жобалары білім беру ұйымдарында жүзеге асырлуда.
Оқушыларды белгілі бір ғылым саласында, оқу пәнінде өз білімін жетілдіруге, өзінің интеллектісін дамытуға, зияткерлік-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың іскерлігі мен дағдыларын алуға ұмтылдыратын оқушылар арасында 30-ға жуық олимпиадалар, ғылыми жобалар мен байқаулар өткізіліп 6455 (35%) оқушы қатысты. «Дарынды ұрпақ– ел болашағы» демекші, дарынды оқушыларымыздың қол жеткізген жетістіктері:
Түркия Республикасы, Алания қаласында 9 мемлекет арасында өткен Халықаралық Дарынды балаларға арналған менталды арифметика турнирінде "Ақалтын" жалпы орта мектебінің оқушысы Абубила Нұрай Берікқызы жүлделі І-орын иеленді.
Республикалық ауыл балаларына арналған жалпы білім беретін пәндерден 9-10-11 сынып оқушылары арасында республикалық пән олимпиадасында «Жаушықұм» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Еспан Ақтөре география пәнінен жүлделі ІІІ орын иеленді.
Республикалық 5-6 сынып оқушылары арасында өткен пән олимпиадасына Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Әмзе Інжу Нұрсұлтанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысып «Мақтау қағаз» иеленді.
Республикалық кезеңде ауыл мектептерінің 8 сынып оқушыларына арналған «IQANAT» оқушылар олимпиадасына 9 оқушы қатысып, «Достық» жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Болысбай Ақтолқын «Жартылай грант» иегері атанды.
Республикалық «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру мақсатында «Мың бала» Ұлттық олимпиадасында 5-6 сыныптардан жалпы 23 оқушы жеңімпаз атанып, сертификатпен марапатталды.
Республикалық 5-9 сынып оқушылары арасында “Тарих ата” қашықтық олимпиадасынан 45 оқушы жүлделі І,ІІ,ІІІ орын иеленді.
Республикалық «Мәшһүр Жүсіп» оқуларының республикалық кезеңінде Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Байдулла Ерғали жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы.
Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.