Өткен аптада Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Біз адал жолды таңдаймыз!» атты шығарма жазудан аудандық байқау өткізілді.
Байқауға ауданның білім беру мекемелерінен қатысқан оқушылар адалдық құндылықтары жөнінде шығар-маларын жазып, соңынан өз пікірлерімен бөлісті.
Байқауға қатысқан үміткерлердің жазған шығармаларын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, барлығы ерекше назар аударуға лайық деп танып, жеңімпаздарды анықтады.
Байқаудың нәтижесі бойынша С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 «ә» сынып оқушысы Аманжанова Балауса (мұғалімі А.Ахаева) ең үздік шығарма жазып, жүлделі І орынды иеленді. Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 «б» сынып оқушысы Қалдыбек Айғаным (мұғалімі С.Дүйсәлі) ІІ орынды иеленсе, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 «ә» сынып оқушысы Ошақбай Нұрмұхамед (мұғалімі Б.Бегманова) ІІІ орынды місе тұтты.
Байқау соңында жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға диплом мен сыйлықтар табыс-талды.
МУСЛИМОВА Нұржамал –
Шардара аудандық ішкі саясат
бөлімінің бас маманы