ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ағылшын тілі апталығы

Білім
А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жетілдіру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тиімді сабақтарды өту мақсатында «Language is a guarantee of friendship» (Тіл – достық кепілі) тақырыбында ағылшын тілі сабағынан айшықты апталық өтті.
Мектептегі 4 «Б» сыныбының оқушыларына А.Алиева «Study Sport», 3 «Ә» сыныбына Ф.Исаева «People, s Feelings», 8 «Ә» сыныбына А.Романқұлова «Past Simple», 7 «А» сыныбына А.Джанбаева «Present Continuous Questions», 6 «А» сыныбына Г.Байтоқ «Phoning a friend», тақырыптарында ашық сабақтарын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жоғары деңгейде өткізді. Ал, мен 5«А» сыныбына «Different Times of the Year» тақырыбында ашық сабақ өттім.
Сол сияқты Ф.Исаева мен А.Романқұлова 10 сынып оқушыларына «Who Wants to Be a Millioniare» интелектуалды сайысын өткізді. Оған деген оқушылардың қызығушылықтары артып, белсенді түрде қатысты. 3-11 сынып оқушылары арасында «The Best Writer», «The Best Translator», «The Best Reader» ойындары ұйымдастырылып, 3-7 сынып оқушылары арасында «We like English» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Апталық нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері артып, олар өз ойларын ағылшын тілінде еркін сөйлеп жеткізді. Қорытындысында белсенді қатысушылар марапатталды.

МАМАСЕРИПОВА Айжан Суннатуллақызы –А.Әлімбетов ЖББМ директорының бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары
Made on
Tilda