Екі қазақстандық – креативті агенттіктің копирайтеры Аделя Ермакова және финтех компаниясының өнім дизайнері Жарқын Мұрад – Young Lions Digital Competition халықаралық беделді байқауында Digital санатында күміс жүлдені жеңіп алып, әсерлі жетістікке жетті. Байқау жарнама және маркетинг әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі саналатын жыл сайынғы «Канн Арыстандары» шығармашылық фестивалі аясында өтті.
«Бұл біз секілді жас креатившілер үшін өте жақсы нәтиже! Біз осы бағытта ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеміз, зерттедік және байқаудың жаһандық кезеңіне шығу үшін көп жұмыс атқардық. Бұл ел үшін үлкен жеңіс, өйткені біз Қазақстанды халықаралық аренада таныстырдық – бұған дейін бұл байқауда біздің ел жүлдеге қол жеткізе алмаған болатын», – деп өз эмоцияларымен бөлісті Аделя Ермакова.
Young Lions байқауы 30 жасқа дейінгі креатившілер үшін бірегей жарыс. Көптеген басқа байқауларға қарағанда мұнда қатысушылар алдын-ала дайындалған жобаларын ұсынбайды. Оның орнына олар қысқаша мәлімет алып, бір күннің ішінде өздерінің digital науқанын әзірлеп, ұсынып үлгеруі керек. Биыл қазақстандық команда әйелдер құрған және климаттың өзгеруіне, және оның жағымсыз салдарына қарсы күреске арналған Project Dan-delion Халықаралық ҮЕҰ тапсырмасын алды.
Команданың алдына қойылған міндет 2025 жылы Бразилиядағы UN Climate конференциясына қатысу үшін он миллион адамнан тұратын қауымдастық құру болды. Дайындалған жұмысты Мексика, АҚШ, Жапония, Франция, Нигерия, Колумбия, БАӘ, Оңтүстік Африка және Сингапур өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бағалады. 2024 жылы Digital санатына 51 ел қатысты, ал Аделя Ермакова мен Жарқын Мұрад Ирландия, Португалия, Италия, Словения және БАӘ команда-ларын артта қалдырып, қысқа тізімге еніп, күміс жүлдені жеңіп алды.
Тағы да айта кетейік, «Канн Арыстандары» шығармашылық фестивалі – бүкіл әлемдегі жарнама және маркетинг саласының жетекші мамандарын тартатын жыл сайынғы үлкен оқиға. Мұнда олар тәжірибе алмасу, жаңа тенденциялар мен технологияларды талқылау және шығармашылық коммуникациядағы ең көрнекті жетістіктерді бағалау үшін жиналады. Жоғарыда айтқанымыздай, Фестивальдің ең маңызды және қызықты бөлік-терінің бірі – шығармашыл жастарға өз талантын таныстыруға бірегей мүмкіндік беретін Young Lions байқауы. Қатысушылар нақты брифингтер алады және қатаң уақыт шеңберінде өздерінің инновация-лық digital-науқандарын әзірлеп ұсынады. Бұл сынақ олардың кәсіби дағдыларын тексеріп қана қоймайды, сонымен қатар жас мамандарға әлемдік сахнада жарқырауға мүмкіндік беру арқылы шығар-машылық ойлауға ынталандырады.
Қазақстандықтардың осы беделді байқаудағы жеңісі – бұл Аделя мен Жарқынның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан үшін креативті индустрияның халықаралық аренасындағы маңыз-ды қадам. Бұл әлемдегі үздіктермен бәсекелесуге қабілетті Қазақстаннан келген жас мамандарды даярлау мен креативті ойлаудың жоғары деңгейін растай түседі. Бұл марапат жас креатившілердің таланты мен еңбекқорлығын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанда креативті индустрияны дамыту үшін жаңа көкжиектер ашатындығын дәлелдей түсті.
Е.ТӘЖІБЕК.