Жаңартылған білім мазмұнында жаратылыстану ғылымдарының пәні химия, биология, физика сабақтарын заман талабына сай өткізудің маңызы зор. Ғылыми ашылулар ғасырында ғалам ғажайыптарын осы салаға жетік жандар ашып жатқаны жасырын емес. Сондықтан технологиялық төңкеріс кезеңінде көштен қалмас үшін жаратылыстану ғылымдарын жан-тәнімен сүйетін ұрпақ тәрбиелеу талабы алға қойылуда. Бұл орайда ұстаздарға артылар сенім мен жауапкершілік жүгі де салмақтала түседі.
Болашақ маман болатын оқушыларды білімді етіп дайындауға «Сырдария» жалпы орта мектебінің ұжымы ерекше ден қойған. Химия құпиясын, физика тылсымын, биология белестерін білу үшін мектебімізде материалдық база заман сұранысына сай жасақталды. Енді ұстаздар, зертханашылармен бірге білім алушылар да қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып түрлі эксперименттік сынақтарды өткізуге қатысып жүр. Аталған үш пән мұғалімдері күнделікті сабақ барысында тәжірибеге енгізген зерттеулерін айшықты өткен апталық аясында мектеп әкімшілігі назарына ұсынды. Сондай-ақ, ұстаздар мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандығына сай жауапкершілік жүктеп, ғылым сырына үңілуге мүмкіндік берді.
Апталық аясында оқушылар жасыл экономика, экологиялық тазалық терминдерімен тереңірек танысты. Ишниязова Шәркүл, Әлмешова Айгүл, Бекназарова Нұржамал, Тәліпбаева Мәншүк сынды білікті мамандарымыз «Мүктер мен қырықжапырақтардың циклі. Гаметофит. Спорофит», «Қыл қаламның сыры», «Полимерлену реакциясы», «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау», «Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Ми мен жұлын қызметінің құрылысы мен қызметі» тақырыбында ақпарат пен экспериментке толы, белсенді ашық сабақ өткізді. Сарапшысы ретінде қатысқан біз, әріптестеріміздің жүйелі жоспармен жемісті сабақ өткеніне баса назар аударғымыз келеді. Оқушылардың өткен материалдарды меңгеруі, жаңа мәліметке ашықтығы мен пәнге ыждағаттылығы мұғалімдердің елеулі еңбегі екені сөзсіз. Мектебіміздегі түлектердің басым бөлігі химия, биология, физика пәндерін таңдауы да ұстаздар тарапынан оқушылардың пәнге сүйіспеншілігін аша білуіне көрсеткіш болары хақ.
«Сырдария» жалпы орта мектебінде өткен химия, биология, физика пәндерінің апталығы құнды тәжірибе, жаңа білім, зерделі зерттеу жұмыстар, көз тартарлық көрнекіліктермен айшықталды.
Бектас Бақтыгүл Айдарханқызы –
«Сырдария» жалпы білім беретін мектебі директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары