ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Нармуратов Шаймерден Азреткулович

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат
Нармуратов Шаймерден Азреткулович
Өмірбаян
Нармуратов Шаймерден Азреткулович 1978 жылы 12 шілдеде Мақталы ауданының Еңбекші ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2003 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Ақтау қаласындағы «Электромонтаж» АҚ-да шебер, прораб болып бастаған. 2005-2006 жылдары Шымкент қаласындағы «Электромонтажға» қарасты заттар шығаратын Шымкент зауытында бас инженер болып қызмет атқарған. 2006-2008 жылдары Жезқазған қаласында «Электромонтаж» АҚ-да бас инженер, 2008-2009 жылдары «Office Smart» ЖШС-інде бас инженер, 2010 жылы «Шардара СЭС» АҚ-да аға шебер, 2011 жылы осы мекемеде АСДУ және АСТП инженері, 2021 жылы «Шардара СЭС» АҚ-да өндірістік технология бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдан бері «Шардара СЭС» АҚ-да бас инженердің орынбасары болып қызмет етіп келеді.
Отбасылы, 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!
Өз кандидатурамды ұсына отырып, ауыл тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін. Ауылдық округ тұрғындарын және ауылдағы өзекті мәселелерді біле отырып, менің әкім ретіндегі міндетім – заңнама аясында және өз өкілеттігім шегінде ауылды және азаматтарды кәсіби басқару, олардың мүдделерін білдіру және қорғау, аппаратты сауатты басқару.
Егер мен әкім болып сайлансам, келесі бағыттарды шешуге бар күш-жігерімді саламын:
– Зейнеткерлерге, мүгедектерге және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету.
– Елге еңбегі сіңген ардагерлерді ұмыт қалдырмай көмектесіп отыру, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.
– Ауыл көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, көшелерді жарықтандыру.
– Ауылды көркейту мақсатында абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
– Санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі назарда ұстау.
– Ауылдық округтің тұрғындарын ағын су, ауыз сумен қамтамасыз етудің проблемалық мәселесін шешу.
– Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету.
– Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізу.
– Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатына шаруа қожалықтарына төмен пайызда несие алуға көмек жасау.
– Ауыл ішінде орналасқан шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдесу.
– Ауылдық округте жөнделіп жатқан және келешекте жөнделетін нысандарың сапалы атқарылуына бақылау жасау.
– Бүлдіршіндер алаңшасын, жастар саябағын салуды жүзеге асыру.
Менің азаматтық борышым, мақсатым – ауылды көркейту, оның өркендеуі үшін, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін еңбек ету.
Made on
Tilda