Шардара ауданы, Көксу ауылдық округінің тұрғыны, «Бағдат» шаруа қожалығының төрағасы Ералиев Аманәлі Киікбайұлы биыл 25 гектар жерге күріш дақылын еккен.
Диқан күріштің «Лазер» және «Мустахиллик» сорттарын егіп, гектарынан 70-75 центнердің арасында өнім алуда. Аманәлі Киікбайұлы жалпы 170-175 тонна өнім алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
– Жерге жақсы қарап, бабын түсініп, еңбек етсең кез келген дақылдан мол өнім алуға болады. Келесі жылы 50 гектарға күріш ексем деймін. Алдағы уақытта күріш дақылын өңдейтін заманауи құрылғы алып, дайын өнім шығару да ойда бар. Бұдан бөлек 10-15 гектар мақта, арпа, бидай, жоңышқа да егемін. Диқаншылық берекелі кәсіп қой,- дейді А.Ералиев.
Ал күріш өніміне қай уақытта да нарықта сұраныс бар дейді диқан.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі