Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұрасы – ұлттық құндылықтарымыз – бүгінгі тәрбие жүйесінің іргетасы болуға тиіс. Уақыт өзгергенімен, ұрпақ тәрбиесіндегі басты қағидалар – адамгершілік, ізгілік, намыс, отансүйгіштік пен үлкенге құрмет көрсету – өзектілігін ешқашан жоғалтқан емес. Дегенмен, жаһандану үдерісі мен ақпараттық қоғамның қарқынды дамуы жас ұрпақтың дүниетанымына, мінез-құлқына әсер етуде. Сондықтан ұлттық тәрбиенің мәні мен мазмұны заманауи талаптарға сай жаңғырып, бүгінгі қоғаммен үндесуі аса маңызды.
Жуырда №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш білім беретін мектепте «Ұлттық құндылықтар мен заманауи тәрбие: сабақтастық пен серпіліс» тақырыбында аудандық семинар өтті. Бұл маңызды жиын жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына арналды.
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Шамеева Гаухар Қарасайқызы мен Әбілдаев Нұрғали Абдіханиұлы, аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен тәлімгерлері, «Әкелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» мүшелері қатысты.
Семинардың басты мақсаты тәрбие жүйесінде ұлттық құндылықтарды насихаттау, озат педагогикалық тәжірибемен бөлісу, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру.
Семинардың ашылу салтанатында №2 Ж.Жабаев мектебінің директоры Тұңғышбаев Ахан Алтынбекұлы қатысушыларды қарсы алып, ізгі тілегін білдірді.
– Бүгінгі семинар – тәрбие мен білім беру ісінде ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи үрдістерге сай жұмыс істеудің тиімді жолдарын қарастыруға арналады. Мұнда әріптестеріміздің үздік тәжірибелері ортаға салынып, тәрбиелік іс-шаралардың жаңа форматы таныстырылады. Сіздерді белсенді қатысуға шақырамын, – деп семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар барысында мектеп ұжымы мен шақырылған мамандар келесі іс-шараларға қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинарда Г.Жузаева «Тәрбиелі бала – ата-ананың қуанышы» атты ашық тәрбие сағатында отбасылық құндылықтар мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталды, Г.Сариева «КітапХАН» жобасы арқылы оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған шығармашылық жобасын ұсынды, О.Залова «Сезімді қарым-қатынас және тәрбиенің рөлі» тақырыбында тренинг өткізіп, мұғалімдерге оқушымен сенімді байланыс орнатудың әдістерін таныстырды, Д.Байтасова «Өнегелі 15 минут» бағдарламасында адамгершілік пен патриоттық тәрбиеге бағытталған қысқаша дәріс жүргізді, ұлттық ойындарға негізделген «Дәстүр мен динамика» іс-шарасында оқушылардың рухани және физикалық дамуы қолдау тапты, А.Жасқанова «Қауіпсіздік туралы ақпарат» сабағында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында түсіндіру және жаттығулар жүргізді, Н.Жұмаділлә жетекшілігіндегі «Ұлттық өрнекті робот жаса» жобасында оқушылар дәстүрлі ою-өрнекпен безендірілген заманауи робот үлгілерін таныстырды, «Бақытты баладан ізде» ашық диалогында ата-аналар мен мектеп арасындағы тәрбиеге қатысты жауапкершілік пен ынтымақтастық талқыланды, С.Халикова жетекшілік еткен «Қоянның үйшігі» сахналық қойылымында оқушылар достық пен мейірімділікке үндейтін көріністер арқылы тәрбиелік ой қозғады.
Семинар соңында Шардара аудандық білім бөлімінің әдіскері Шамеева Гаухар Қарасайқызы қорытынды сөз сөйлеп:
— Бүгінгі семинар жоғары деңгейде өтті. Әсіресе ашық тәрбие сағаттарының мазмұны, жобалық жұмыстардың өзектілігі мен форматы қуантады. Мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденісін ерекше атап өткім келеді. Бұл – шын мәнінде, ұлттық тәрбие мен заманауи тәсілдердің үйлесімділігіне нақты дәлел. Ізденісімен көзге түскен ұстаздарымызды марапаттауға ұсынамыз, – деді.
Сонымен қатар, ол мектеп ұжымына, семинарға белсенді қатысқан әріптестер мен қонақтарға алғысын білдіріп, осындай мазмұнды кездесулер жалғасын табарына сенім білдірді.
Семинар қатысушылары ұлттық тәрбие мен заманауи тәрбиелік әдістердің үндестігін нақты мысалдар арқылы көріп, тәжірибе алмасты. Бұл жиын – білім беру кеңістігіндегі жаңашылдық пен дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
А ТӘЖІ.