Өткен жылдың 18-24 желтоқсан күндері Қарағанды қаласында, ересектер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Аталған жарысқа Шардара ауданы Сүткент ауылының тумасы, жерлесіміз Сапарбай Нұрлан Әуелбайұлы +92 келі салмақта қатысып, алтын жүлдені еншіледі.
Аудан әкімі жерлесімізді жеке қабылдап, чемпионға лайық құрмет көрсетіп, алғашқы жаттықтырушысы мен боксшыға өз атынан Алғыс хат тапсырды.
– Шардара ауданы даңқты чемпиондардың мекені. Мұндағы әрбір жетістікке жеткен спортшы елін, жерін сүйгендіктен осындай нәтижелерге жетеді деп білемін.
Міне, Сіз де ауданымызда туып, Түркістан облысының атынан ел біріншілігінде чемпион атанып жүрсіз. Бұл Шардаралықтар үшін абырой, мәртебе. Сізге алдағы уақыттарда да жеңісті күндер тілеймін, - деді Арман Романұлы.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі