Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық орталық кітапхана қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер теолог маманы А.Данияров, аудандық орталық кітапхананың директоры Ғ.Төребаева қатысты.
Кездесудің мақсаты - діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту. Өзекті мәселелерінің бірі - деструктивті идеологиялардың таралуы. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты - діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы.
Өткізілген кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров деструктивті діни ағымдардың теріс әсері туралы тоқталып өтті. Деструктивті діни ұйымдардың қағидалары, діни секталардың сыртқы бейнесі мен ерекшеліктері түсіндірілді. Әңгіме барысында радикалды діни идеологияны уағыздаушылардың қоғамға тигізер қауіптілігі ашылып, діни көзқарастардың мәні туралы сұрақтарға айқындық енгізілді. Іс - шара соңында қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша жауаптар берілді.
#ҮздікАТТ
#ҮздікАТТ2025
#Үздіктеолог
#АТТісшара
#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.