Ауданымыздың 60 жылдық мерей тойы қарсаңында білім мен зердені ұштастырған ерекше зияткерлік сайыс – «AL-FARABI» облыстық интеллектуалды ойыны өтті. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен бұл шара жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнер мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатын көздеді.
Айта кетейік, «AL-FARABI» ойыны алғаш рет 2021 жылы ұйымдастырылып, содан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жоба жыл сайын ауқымын кеңейтіп, облыстың түкпір-түкпірінен келген білімді жастарды бір арнаға тоғыстырып, бәсекелі білім алаңына айналып отыр.
Салтанатты ашылу рәсімінде Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, аудан прокуроры Алмас Әлі және ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Шардара аудандық бөлімшесінің бастығы Айтқұлов Нұрсұлтан Мейіржанұлы қатысып, жастарға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін арнады. Сондай-ақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы да өз сөзінде осындай жобалардың ел ертеңі саналатын жас буынның зияткерлік әлеуетін көтеруде маңызы зор екенін ерекше атап өтті.
Ойынға 14 пен 34 жас аралығындағы, бес адамнан құралған 30-ға жуық командалар қатысты. Олар білім мен тапқырлықты, логика мен жылдамдықты қатар шыңдап, түрлі тақырыптар бойынша сынға түсті. Зияткерлік тартыста әр команда өздерінің дайындығы мен білім деңгейін паш етті.
Қазылар алқасының әділ бағалауы нәтижесінде келесі кезеңге жолдама алған үздіктер қатарынан үш команда суырылып шықты. Олар – М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің білімді жастары құрған «Прогресс», Шардара мектеп-лицейінің алғыр жастарынан жасақталған «Ұшқын» және заманауи форматтағы "IBilim high school" мектебінің зерек жастарынан құралған «IBilim» командалары.
Бұл үштік — білім бәсекесінің шын жүйріктері екенін дәлелдеді. Әрқайсысы өз мектебінің намысын абыроймен қорғап, аудан мерейін үстем етті.
Иә, ұлттың болашағы — білімді ұрпақтың қолында. Сол себепті осындай игі бастамалар мен зияткерлік жобалардың жиі өткізіліп тұруы — бүгіннің емес, ертеңнің қамы.
Білім мен ойдың аламаны болған «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны — жастарды қанаттандырып, олардың таным көкжиегін кеңейтетін маңызды алаңға айналды. Алда әлі талай белес бар және сол белестерді бағындыратын дарынды жастар барда ел болашағына деген сенім де нығая бермек.
Аяжан ТӘЖІ