ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 20 АЛТЫН ОЛЖАЛАДЫ

Армрестлингтен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан Республикасы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған “Шардара Армспорт” спорт клубының спортшылары 20 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды. Атап айтқанда, жас жеткіншектер арасында Әмірхан Думан, Бекмұрат Мирас, Назар Заңғар, Алдан Нұрсұлтан, Хали Текжігіт, Сәрсенбай Ердос, Анвар Эльдар, Серік Ерсұлтан сынды спортшылар алтын медаль, Мансұр Еркеғали күміс, ал Тыныштық Байғани қола медаль олжалады.
Қыздар арасында Назым Закирова, Ақберген Аманат, Ырысбек Нұрғаным, Сымбат Сәрсенбаева жеңімпаз атанса, Жаңбырбек Назерке ІІ орыннан көрінді.
Жасөспірімдер арасында Есен Мейрамбек, Мелдебек Болат, Мыңжасар Ерзат, Сәрсенбай Жармахан, Сансызбай Ерасыл, Базарбай Асылжан, Патилда Мейрамбек чемпион атанды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында +90 келі салмақта Ұлықбек Құралбаев ел намысын абыроймен қорғады.
Жеңіспен оралған барша спортшыларымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта тек биіктен көрініңіздер дейміз!
Бота Өсербай
Made on
Tilda