Әр адамның тағдыры оның жасаған сансыз таңдауынан құралады, ал сол таңдаулар оның болашағын айқындайды. Әсел Беглинова үшін мұндай шешуші таңдау ағылшын тілінде білім алуға деген ұмтылыс болды. Ол бала кезінен-ақ өз мақсатын айқын түсінді: білімін шексіз мүмкіндіктерге толы әлемнің есігін ашатын ағылшын тілінде жетілдіруді қалады. Алайда бұл арманға жету жолы күткенінен әлдеқайда күрделірек әрі кедергіге толы болып шықты. Алғашқы қадамы – беделді Назарбаев университетіне түсу әрекеті сәтсіз аяқталды. Күрделі қабылдау емтихандары еңсерілмейтін кедергіге айналды. Екінші мүмкіндігі – FLEX студенттер алмасу бағдарламасы да нәтиже бермеді. Бірақ Әсел берілмеді. Белгілі бір сәтте ол жаңа мүмкіндікке қол жеткізіп, оны мүлт жібермеді: Торонто қаласындағы Seneca College оның Батыс білім жүйесіне енуіне бастау болды. Қаржы саласын таңдаған ол жай ғана диплом алып қоймай, алдағы уақытта оны Канададағы жетекші қаржы институттарына жетелейтін жолға қадам басты. Scotiabank – елдегі үш ірі банктің бірі, Canadian Imperial Bank of Commerce (CIBC) – Канададағы ең ауқымды қаржы ұйымы. Осы екі алып құрылымда бірнеше жыл жұмыс істеп, Әсел ірі капитал, инвестиция және стратегиялық қаржы менеджменті әлемін меңгерді. Бірақ оған тек жүйенің бір бөлшегі болып қалу жеткіліксіз болды. Келесі қадамы – кәсіпкерлікке тәуекел жасады. Украиналық Вадим Лидичпен бірге ол Paperstack стартапын құрды. Бұл платформа онлайн-дүкен иелеріне бизнесін дамыту үшін капитал тартуға мүмкіндік береді. Стартап әлемдегі ең беделді акселераторлардың бірі Techstars бағдарламасынан сәтті өтіп, Gaingels қорынан инвестиция алды. Соңғы инвестициялық раундта Paperstack $6,5 миллион қаржы тартып, болашақ ауқымды өсімге берік негіз қалады.
Әсел мансаптық жетістіктерден де ары асып түсті. Бұл қателіктен қорықпайтын адамның жолы еді. Назарбаев Университетіне түсе алмау және FLEX бағдарламасында сәтсіздікке ұшырау біреу үшін арманның соңы болуы мүмкін еді, бірақ Әсел үшін бұл сабақ болды. Әрбір сәтсіздік оны жаңа мүмкіндіктер іздеуге, кез келген жағдайдан жол табуға үйретті.
Paperstack – оның қаржы әлемін терең түсініп, оған жаңаша көзқараспен қарауының нәтижесі. Дәстүрлі банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруда әрдайым икемділік таныта бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Әсел мен оның командасы кәсіпкерлерге бюрократиясыз, ұзақ күтпестен капиталға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынды. Бұл платформаның басты идеясы – экономиканы алға жылжытатын бизнес үшін жылдам әрі ашық қаржыландыру жүйесін құру.
Тартылған инвестициялар, біздің түсінігімізше, жай ғана ақша емес, Paperstack моделінің тиімділігінің дәлелі. Бүгінде компания жүздеген онлайн-бизнестің өрлеуіне көмектесіп отыр. Бірақ Әселдің амбициясы одан да ауқымды. Ол Paperstack-ті жаһандық деңгейге шығарып, оны балама қаржыландыру саласының басты ойыншыларының біріне айналдырғысы келеді.
«Қазіргі басты мақсатым – стартапты жаһандық деңгейге шығарып, оны “единорог” дәрежесіне жеткізу, тіпті одан да биікке көтерілу», – дейді Әсел. Оның табандылығына қарап, өткен сәтсіздіктер оның жолында кедергі емес, керісінше, мақсатқа бастайтын саты болғанын аңғаруға болады.
Әсел Беглинованы қаржы саласындағы табандылықпен, батылдықпен, жаңашылдықпен байланыстыратын есім десек, артық айтқандық емес. Ол есік жабылса да, әрқашан мүмкіндіктер терезесі бар екенін дәлелдеді. Ең бастысы, оны іздеуден қорықпау керек, өйткені дәл осы іздеуде жаңа көкжиектер кілті жиі жасырылады.