ШАРТАРАП ШАРАЙНА

15 қараша – Ұлттық валюта күні

Елімізде 15 қараша – Ұлттық валюта күні ретінде аталып өтеді. Қазақстан теңгесі – Қазақтың ұлттық валютасы. Бұл күні банкноттар мен монеталарда «тенге» белгісі қабылданды.
Тарихымызға көз жүгіртсек, ұлттық валютаны «теңге» деп атауды Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов ұсынған екен.
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен. Содан кейін қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанып, теңге Ұлыбританияда басылып шыққан.
Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қ.А.Ясауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы Сағырбайұлы, он теңгелікте Шоқан Уәлиханов, жиырма теңгелікте Абай Құнанбайұлы, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалды.
1993 жылдың 12 қарашасында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашада Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған.
Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда.
Made on
Tilda