ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Адам папилома вирусына қарсы вакцинаның тиімділігі

Денсаулық
Адам папиллома вирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі.
Қазақстанда 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы. Вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіледі, вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады.
Әлемде бұл вакцинаға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 125-тен астам ел ұлттық вакцинация күнтізбесіне осы вакцинацияны енгізді (соның ішінде Австралия, Бельгия, Канада, Германия, Жапония, Бразилия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, Испания, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ). Орталық Азия елдері бойынша, көршілес Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан АПВ қарсы вакцинацияны енгізген.
Ең тиімді қорғану әдісі - вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі – бұл жатыр мойны обыры. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90%-ға төмендеген.
Қазақстанда жатыр мойны обыры ең көп таралған аурулар тізімінде омырау рагынан кейінгі орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обыры адам папил-лома вирусынан болады. Елде адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу науқаны қайта басталмақ. Вирус байланыс арқылы жұғады. Заттардың беткі қабатында ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан көбіне жыныстық жолмен тарайды.
Ауру белгілері байқалмайды. Яғни адам өзіне вирус жұққанын білмеуі де мүмкін. Вирус зертханалық сараптама көмегімен анықталады. Бұл аурудың емі жоқ. Әзірге вирусқа қарсы препарат табылмады. Өйткені вирус жасушаға енеді. Оның көзін жою үшін жасушаны да өлтіру керек.
Ғылыми тұрғыда дәлелденген жалғыз жолы – вакцина салғызу. Екпе вирус салдарынан туған қатерлі ісіктен немесе басқа да аурулардан емдемейді. Кез келген вакцина сияқты бұл да – алдын алу шарасы.
1.Қандай жағдайларда екпе салдыруға болмайды?
-11 жасқа дейінгі балаға және 14 жастан асқан кісіге, екпе құрамындағы заттарға сезімталдығы бар, жүкті, бала емізіп жүрген немесе дене қызуы көтеріліп тұрған адамға вакцина салуға болмайды.
2.Вакцинадан қандай кері әсер болуы мүмкін?
-Вакцинадан кейін мынадай кері әсерлер болуы мүмкін деп көрсетеді: бас ауыруы, дене қызуының көтерілуі, қызару, ісіну, екпе салған жердің ауыруы.
Адам папиллома вирусына қарсы вакцина көпжылдық зерттеуден өткен.
3.Вакцинация ерікті әрі тегін жүргізіледі ме?
-Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация мақсатты топқа жататын 11 жастағы қыздарға тегін жүреді. Вакцинация ерікті түрде ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша келісімі арқылы жүреді.
4.Вакцина өмір бойына вирусқа қарсы иммунитет қалыптастырады ма?
-Вакцина вирустың алдын алады. Екпе салдырған адамның өзі жылына бір рет гинекологқа қаралып тұруы керек. Әр төрт жыл сайын скринингіден өту қажет.
С.ҚАЙЫР —
Шардара аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы

Made on
Tilda