ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ел болашағын айқындайтын бастамалар

Көкше төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел да-муындағы маңызды мәселелерді көтеріп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған бастамаларды ұсынды.
Президент салық реформасының мәнін түсіндіріп, оның халыққа ашық әрі ұғынықты түрде жеткізілуі қажет екенін атап өтті. Мемлекет экономикасының тұрақтылығы салық жүйесінің тиімділігіне тікелей байланысты екенін ескерсек, бұл бастама – ел игілігіне арналған маңызды қадам.
Сонымен қатар, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Президент өңірлердегі театрларды дамытуға, отандық кино мен анимацияның идеологиялық маңызын арттыруға шақырды. Сондай-ақ, Абай институтын халықаралық деңгейдегі мәдени-ағарту орталығына айналдыру туралы тапсырма берді. Бұл бастама – қазақ мәдениетін жаһандық деңгейде насихаттауға серпін бермек.
Өңірлердің дамуы – елдің өркендеуімен тікелей байланысты. Президент «Қуатты ай-мақтар – қуатты ел» қағидасын негізге алып, облыстардағы инфрақұрылымдық, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіру қажеттігін атап өтті. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты тетігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағына қатысты ой қозғап, тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейін атқарылар маңызды міндеттерді белгіледі. Цифрландыру, жасанды интеллект, энергетика, агроөнер-кәсіп және адам капиталын дамыту – Қазақстанды жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын қуатты мемлекетке айналдыратын негізгі факторлар.
Президенттің бұл бастамалары – ел дамуының берік іргетасы. Ұлттық бірлікті нығайту, экономиканы күшейту, мәдениетті өркендету және халықтың әл-ауқатын арттыру – әрбір қазақстандықтың ортақ мақсаты. Бұл жолда бірлік пен ынтымақ танытып, кемел келешекке нық қадам басу – бәрімізге ортақ міндет.
Аяжан ТӘЖІ
Made on
Tilda