Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісі өтті. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері, ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымдарының төрағалары, медиаторлар және аудандық Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Инайов Иса, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Қасымов Мақсат және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығын атап өту және Медиаторлар кеңесі жұмысының мәселелері қаралды.
Алқалы жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков ашып берді:
– 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінде «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі» туралы заң қабылданды. Бұл заң тәуелсіздігіміздің негізін қалаған тұңғыш саяси мәндегі маңызды құжат болды. Еліміз егемендік алғаннан кейін жыл санап көркейіп, гүлденіп келеді. Көптеген заңдармен бірге «Медиация туралы заң» да қабылданып, облыста, ауданда медиаторлар сайланды. Олар ауданымызда белсенді қызмет етуде. Ауданымызда медиаторлар кеңесінің төрағасы Биту Жанайдар жақсы жұ-мыстар атқарды. Ендігі кезекте осы алқа мәжілісінде медиаторлар кеңесінің жаңа төрағасы таныстырылып және ауылдық округтерден медиаторлар сайланады,– деді Тоқсанбай Бердібеков.
Медиаторлар кеңесінің жұмысы сот саласымен өте тығыз байланысты. Оның басты мақсаты – дауласқан екі тараптың да мүдделерін қорғай отырып, екі тарапты татуластырады. Халқымызда талай даулы мәселелерді реттеп, сан алуан адамдарды қантөгістен арашалап қалған сөзге шешен билеріміз бүгінгі медиацияның негізін қалап кетті десек те болады.
Келесі кезекте еңбек ардагері, ауданда медиаторлар кеңесін ұзақ жылдар басқарған Жанайдар Биту сөз сөйлеп, жаңадан ауылдарға тағайындалған медиаторларға өзінің тәжірибесімен қуана бөлісетінін жеткізді.
Алқа мәжілісіне жиналғандар медиаторлар кеңесінің төрағасы қызметіне Жалғас Нұрымбетовты сайлады.
Жиын барысында аудандық арда-герлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков «Qurmet-Abyroi, Birlik» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Д.Юсуповтың атынан ауданымызға еңбегі сіңген еңбек ардагерлері Жанайдар Биту, Жамантай Жаңабаев, Жантөре Спабектерді «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапаттап, сый-сыяпаттар жасады.
Аяжан ТӘЖІ