Салауатты өмір салтын ұстану — қазіргі қоғамның басты құндылықтарының біріне айналды. Осы бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде спортқа арналған жаңа нысандар ашылып, халықтың денсаулығына серпін беріп отыр. Сондай игі бастамалардың бірі — Шардара қаласында ашылған жаңа фитнес клуб.
Клуб иесі Сейтбекова Қарашаш Бейсенбайқызының айтуынша, салауатты өмір салтына бет бұру оның жеке шешімі болған. Алғашында 2022 жылы өз денсаулығын түзетуді қолға алған ол, бүгінде өзге жандарға да қолдау көрсету мақсатында 2024 жылдың 12 қазанында Абай көшесі, 33/2 мекенжайынан фитнес клуб ашты.
– Фитнес – бұл тек дене жаттығуларының жиынтығы емес, бұл – өз-өзіңе деген сенімділік, өмір сапасын арттыру, күш-қуат пен мотивацияның көзі. Бүгінде біздің клубқа келушілер арасында түрлі жастағы азаматтар бар. Ең қуантатыны — спортқа қызығушылық артып келеді, – дейді Қарашаш ханым.
Қазір көптеген адам семіздіктен құтылу жолдарын іздеп, әртүрлі ем-домдар жасауда. Кәсіпкердің айтуынша, арықтаудың басты шарты – қимыл мен дұрыс тамақтану. Ол диетасыз-ақ дене сымбатын келтіруге болатынын алға тартады. Қазақтың: «Таңғы асты — өзің же, түскі асты — досыңмен бөліс, кешкі асты — жауыңа бер» деген нақылы — осының айғағы.
Фитнес жаттығуларының денсаулыққа пайдасы мол. Атап айтқанда, қан айналымды жақсартады, артық майларды ыдыратады, бұлшық етті шынықтырады және энергияны арттырады. Сонымен қатар, стрессті азайтып, көңіл-күйді көтереді. «Кез келген жаттығу ағзаға пайдалы. Уақтылы тамақтанып, белсенді өмір сүрсең, денсаулық та, сымбат та өздігінен қалыптасады» дейді ол.
Қарашаш ханым арықтау кезінде үзіліс жасауға да болатынын айтады. «Белгілі бір нәтижеге жеткен соң, ағзаны қатты шаршатпай, екі аптадай үзіліс жасап, кейін жаттығуды жалғастырған дұрыс» дейді фитнес нұсқаушысы.
Фитнес клуб – тек дене жаттығуын жасайтын орын емес. Бұл — жігер мен шабыт, денсаулық пен сергектік, жаңа достар мен орта табуға болатын орын. Спортпен айналысуға ешқашан кеш емес. Бастысы – алғашқы қадам жасау.
Кәсіп ашып, жұмысының нәтижесін көре бастаған Қарашаш Бейсенбайқызына жұмысына сәттілік тілей отырып, спорт сүйер қауымды белсенді өмір салтына шақырамыз.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ