ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ауыл шаруашылығы Ұлттық санағына дайындық барысы туралы

2025-04-02 12:04
2025 жылдың 31 наурызында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешовтың төрағалығымен 2025 жылы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетін Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы жөнінде мәжіліс өткізілді. Мәжіліске аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, аудандық статистика басқармасының басшысы С.Дүйсенов, «Ветеринариялық қызмет» МҚК басшысы Б.Мыңбатыров, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев, ауыл округтері әкімдері қатысты. Ағымдағы жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары туралы статистика басқармасының басшысы С.Дүйсенов баяндама жасады. Баяндама барысында қала, ауыл округтерде нақты жұмыс жастайтын жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, заңды тұлғаларды анықтау бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы Ұлттық санағы кезінде интервьюрер ретінде жұмысқа тартуға әрбір ауылдық округтен азаматтар санын нақтылау, санақшыларды интернет желісімен қамтылған орынмен қамтамасыз ету, халық көп жүретін аймақтарда билбордтар орналастыру, ауыл шаруашылығы санағы кезінде қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаңғыбас иттерді жою жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі