ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Асылхан Данияров – «Үздік дінтанушы»

Дін
Шығармашылықпен жұмыс істейтін дін саласындағы мамандарды анықтау, қолдау көрсету, жұмыс тәжірибелерін зерделеу және білім жетілдіруге ынта-ландыру мақсатында Түркістан облы-сында өткен марапаттау рәсімінде дін-танушылардың кәсіби шеберліктері мен еңбектері ерекше аталып өтіп, дін сала-сында үздік нәтижелерге қол жеткіз-гендер «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы - 2024» номинациясымен марапат-талды.
Мемлекеттік саясатты және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, діни тұрақты-лықты қалыптастыруда зор үлес қосып жүрген Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог-маманы Данияров Асылхан Қасымұлына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Үздік дінтанушы» номи-нациясын және 100 мың теңге сертифи-катымен Алғыс хатты табыс етті.
Бұл шара өңірдің дамуына үлес қосқан үздіктердің еңбегін бағалау және болашақта да оларды шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылды. Марапат иелері мемлекеттің дін саясатын ілгері-летуге және дін саласындағы тұрақты-лықты қамтамасыз етуге зор үлес қосып, өзгелерге үлгі бола білді.
Облыс көлемінде топ жарып, дін мен дәстүр және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, ауданда діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысып жүрген Асылхан Қасымұлына алда атқарып жатқан еңбегі мен ел игілігі жолындағы қызметінде абырой, табыс тілейміз.
«Шартарап-Шарайна»
газетінің ұжымы
Made on
Tilda