ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Таза су – денсаулық кепілі

Денсаулық
Су – тіршіліктің көзі. Онсыз адам баласының өмір сүруі мүмкін емес. Күнделікті қолданып жүрген суымыз қарапайым әрі қажетсіз болып көрінуі мүмкін, дегенмен оның да сұрауы бар. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Ауыз суға қойылатын талаптар ҚР ДСМ-нің 2023 жылғы 20 ақпандағы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жаб-дықтауға және суды мәденитұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен айқындалған. Осыған байланысты ауыз суға мынадай мемлекеттік санитарлық талаптар қойы-лады:
1.Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;
2. Адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;
3.Патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.
Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Ауыз судың температурасы 8 –150С° аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға, сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (колииндекс) бойынша т.б. талаптар қойылады.
Судың эпидемиологялық тұрғыдан қауіпсіздігі оның микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкестігімен анықталады. Қазіргі уақытта жердің беткі қа-батындағы су көздерін пайдаланушы су құбырының су тарату желісіндегі судың вирустармен ластануын бағалау үшін колифагтарды анықтау қабылданған. Олар ауыз суда болмауы қажет. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді.
Суды залалсыздандыру-су құрамындағы ауру жұқтыратын бактерияларды жою тәсілдері. Суды залалсыздандырудың мынадай негізгі төрт әдісі бар: термиялық, өте күшті тотықтыру, физикалық және олигодинамия әдістері. Суды зарарсыздандырудың көп тараған түрі – хлорлау.
Ауыз судың сапасына бақылау сумен қамтамасыздандыру жүйесін пайдаланушы ұйымның арнайы зертханаларымен (өндірістік бақылау) және аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдарымен жүргізіледі.

С.НАЗАРБЕКОВА - Шардара аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.
Made on
Tilda