Жеміс көшеттерін өсіру – бау-бақша шаруашылығында маңызды кезеңдердің бірі. Дегенмен, көшеттер дұрыс күтім жасалмаса немесе әртүрлі ауруларға қарсы шаралар қолданылмаса, олардың өсуі баяулап, жеміс беруі төмендеуі мүмкін. Бұл мақалада жеміс көшеттерінің негізгі аурулары және олармен күресу әдістері қарастырылады.
Жеміс көшеттерінің негізгі аурулары саңырауқұлақ (фунгалды) аурулары. Бұл аурулар ылғалды ауа райында, дұрыс күтім жасалмаған жағдайда тез таралады.
Қара дақ (парша) белгілері: Жапырақтар мен жемістерде қара-қоңыр дақтар пайда болады жемістер шіріп, ағаш әлсірейді.
Күресу жолдары: Борды сұйықтық (1%-дық) бүрку, тәжді сирету және дұрыс суару, төзімді сорттарды таңдау.
Ұнтақты көгеру (оидиум) ауруы: Белгілері: Жапырақтарда ақшыл ұнтақ тәрізді қабат пайда болады. Фотосинтез процесі бұзылады, көшет әлсірейді.
Күресу жолдары: Күкірт негізіндегі препараттар қолдану жақсы желдетілетін жерде өсіру.
Тот ауруы: Белгілері: Жапырақтарда сарғыш-қызыл дақтар пайда болады. Жапырақтар уақытынан бұрын түсіп, көшет дұрыс өспейді. Күресу жолдары, фунгицидтер пайдалану, ауру жұқтырған бөліктерді кесіп, жою.
Бактериялық аурулар: Бұл аурулар бактериялар арқылы таралып, өсімдікті әлсіретеді.
Бактериялық күйік: Жапырақтар қараяды және қурайды, бірақ ағаштан түспейді, ағаш толықтай өлуі мүмкін.
Күресу жолдары: Бактерияға қарсы препараттар қолдану (мысалы, Бордо сұйықтығы), зақымдалған бұтақтарды кесіп, өртеу.
Тамыр шірігі: белгілері тамырларда ісіктер пайда болады, өсімдік нашар өседі, көшеттің өсуін тоқтатады. Күресу жолдары,тек сау көшеттерді отырғызу, топырақты зарарсыздандыру.
Вирустық аурулар: Вирустық аурулар көбінесе жәндіктер немесе ластанған құралдар арқылы таралады.
Мозаикалық ауру: ЖапырақТарда ашық және қою жасыл дақтар пайда болады, өсімдік әлсірейді, өнімділігі төмендейді. Күресу жолдары, вирустық ауруы бар өсімдіктерді жою, көшеттерді тексеріп, тек сау үлгілерді таңдау.
Жапырақтардың бұйралануы: Жапырақтар бұралып, өсуі баяулайды, ағаш әлсіреп, өнім азаяды. Күресу жолдары вирустық ауруларға төзімді сорттарды таңдау, ауру тасымалдаушыларын (жәндіктерді) жою.
Аурулардың алдын алу және қорғау шаралары:
1. Салауатты көшеттерді таңдау – Тек сапалы, ауруға төзімді көшеттерді сатып алу.
2. Көшеттерді дұрыс отырғызу – Жерді жақсылап дайындап, топырақтың дренажын қамтамасыз ету.
3. Күтім жасау – Суару, тыңайтқыш беру, кесу жұмыстарын уақтылы жүргізу.
4.Фитосанитарлық бақылау – Көшеттерді үнемі тексеріп, алғашқы белгілер пайда болғанда әрекет ету.
5. Химиялық және биологиялық қорғау – Фунгицидтер, бактерицидтер, органикалық әдістерді пайдалану.
Жеміс көшеттерін сау және өнімді ұстау үшін аурулардың алдын алу шараларын сақтау өте маңызды. Дұ-рыс күтім жасалған жағдайда, көшеттер ұзақ уақыт бойы жеміс беріп, жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
М.МЫРЗАКАДЫР– Шардара аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор бас-маман.