ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Республикалық жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 14 наурыз №32-17/ 9623 ПАБ-3 қбп тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған Республикалық жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Жол картасы шеңберінде көзделген іс-шаралар бойынша жұмысты үйлестіруші болып айқындалсын.
3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде:
1)Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын:
2)Жауапты мемлекеттік органдардың 2026 жылдың соңына дейін, жыл сайын 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуын қамтамасыз етсін.
4.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
6.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А.Балаева
Made on
Tilda