Биылғы жылды ел Президенті Қ.Тоқаев жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады. Шардара ауданында көпке еңбегімен танылған есімі елге белгілі қарапайым еңбек адамдары аз емес. Шардара ауданының 60 жылдығы қарсаңында Шардара ауданының жаңадан құрылып, шаруашылықтар ұйымдастырылып жүйеге түсе бастаған уақытта талай-талай шаруалар да өз салаларында ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Қойнауы сырға толы, Қызыр аралаған Қызылқұм өңірінде де аптап ыстық пен қарлы-борандарда мал шаруашылығында көптеген азаматтар тер төкті. Солардың бірі біздің бүгінгі мақаламызға арқау болған еңбек ардагері
Молданазаров Қалдыбек Камалұлы.
Молданазаров Қалдыбек Камалұлы.
Жылдың төрт мезгілінде де тыным таппай, маңдайы күнге күйіп, табаны тілімделіп, 24/7 режимде тер төгетін нағыз малшы еңбеккерлердің еңбегі қашанда ерен. Ал, дала өрісіндегі шаруалардың өмірі жылжыған жылдармен жалғаса берері сөзсіз. Бірақ төккен тер, нағыз қайнаған қызу жұмыстың басы-қасында өткен әрбір сәт ұмытыла қоймасы белгілі.
Молданазаров Қалдыбек Камалұлы 1954 жылы 23 ақпанда қазіргі Шардара өңірінде шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Камал Молданазарұлы соғыстан оралған соң Қызылдың құмында қайнаған тіршіліктің бел ортасында жүрді. Шаруашылықтарды қалпына келтіру жұмыстары жанданып, үкімет мал шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөле бастаған кез. Бала Қалдыбек те еңбекке ерте араласты. 5 жасынан бастап сақпан бағып, қозы қайырып әкесінің қасында жүріп мал шаруашылығының қыр-сырын терең меңгеріп үлгерді.
1970 жылы Шардара кеңшарындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті озат бітірген Қалдыбек арман қуып Семей қаласына зоотехник мамандығы бойынша құжат тапсырады. Емтиханды үздік тапсырғанымен ата-анасының ұйғарымымен оқудан бас тартуға тура келеді. Осылай жас бала Бүкілодақтық тапсырма бойынша Қаракөл қой шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес Шардара совхозының №3 Бимырза фермасына аға шопан болып іске кіріседі.
1973-1975 жылдары Кеңес Армиясы қатарына әскерге шақырылып, әскери борышын атқарды.
1975 жылы әскерден оралған бозбала Бимырзада аға шопандық жұмысын жалғастыруға қайта кіріседі. Ол кезде Шардара қаракөл қой совхозы ғылыми институтқа қарап, тәжірибелік шаруашылық ретінде қаракөл қой тұқымын асылдандырумен бүкіл Одаққа аты мәлім бола бастаған кез еді. Сол жұмыстарда аса белсенділік танытқан совхоздағы ең жас аға шопан Қалдыбек Камалұлы шаруашылықтардағы барлық бастамалар мен ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүріп, совхоздың, ауданның басшыларына жақсы жағынан көзге түсті. Аға шопанға жүктелетін негізгі төрт міндет белгіленген. Олар: Қаракөл қой тұқымын асылдандыру, малды қыстан аман шығару, ет, сүт пен жүн өнімдерін белгіленген нормада тапсыру және малдың ветеринарлық жай-күйін бақылай отырып жақсы төл алуға қол жеткізу. Осындай міндеттемелерді қабылдаған аға шопан тынымсыз, қажырлы еңбектің арқасында аталған міндеттерді жоғары деңгейде артығымен орындап жүрді.
1977 жылғы қатал қыстан малды аман алып шыққаны және өзінің міндеттемесін жоғары деңгейде орындағаны үшін ферманың, совхоздың, аудан басшыларының ұсынысымен партия қатарына қабылданып, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталды. Осы марапат оған қосымша жігер беріп, сол кезеңде өнімділікті еселеп арттырып 100 бас саулыққа 150-160 басқа дейін ұдайы төл беріп отырды. Елтірінің аса жоғары сорты «Бұқара сұры» сортын жасап шығаруға да едәуір үлес қосып бар тәжірибесін қаракөл қой шаруашылығын дамытуға жұмсады.
1977 жылы маусым айында озат шопан болып үлгерген жас аға шопан Қалдыбек Камалұлы Аудандық кеңеске қатарынан үш шақырылымда депутат болып сайланады. Сол кездегі аудан басшылары Әштар Жолдасов, Қуаныш Айтаханов және Лесбек Бекжановтар және совхоз директоры Кеңес Одағының батыры Сейітқасым Әшіров жас шаруа депутат Қалдыбек Камалұлын жиі қабылдап, құмдағы шаруалардың жағдайын біліп, проблемалық мәселерді көру үшін шаруашылықтарды бірге аралап, шаруалардың тынымсыз тірлігімен үнемі танысып отыратын.
Ол «Мал бағу ол аса сабырлықты, төзімділікті, сонымен қатар біліктілікті талап ететін мамандық. Себебі, күндіз-түні, аптаның 7 күнінде демалыссыз жұмыс істеу керек. Қой туым, қой қашырым, қыстан шығару сияқты бірнеше науқаннан тұрады. Қыстың суығында аш қалдырмау, шілденің ыстығында сумен қамтамасыз ету, ит-құстан, жұқпалы аурулардан сақтау, жылы қора-жаймен қамтамасыз ету міндеттері әрқашан үлкен еңбекті қажет етеді» деп мал бағудың сырымен де бөлісті.
Социалистік жарыстарда жетістікке жетіп, ауыспалы Еңбек қызыл Туын бірнеше мәрте жеңіп алды. Сол кезеңде жеңіл көлік алуға рұқсат берілмейтін, тек белгілі бір жетістікке жеткен азаматтарға арнайы шешіммен ғана рұқсат берілетін. 1987 жылы еңбектегі жетістіктерін ескеріп совхоз директоры Досай Тұрлыбековтың ұсынысымен аудандық атқару комитетінің шешімімен су жаңа «Нива» автокөлігі берілді. Оны аудандық атқару комитетінің председателі Динашев салтанатты түрде табыстады.
1980 жылы Шардара совхозының №3 Бимырза фермасының атағы дүркіреп бүкіл Одаққа мәлім болған кез еді. Осыған байланысты аудан басшысы Лесбек Бекжанов бастаған делегация, Республикалық «Алматы» телеарнасының журналистері мен түсірілім тобы аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықтағы құм қойнауында жатқан «Орлы Апан» жайлауына барып, озат шопан Қалдыбек Камалұлы туралы түсірілім жасап, оның тәжірибесін дәріптеп 15 минуттық бағдарламамен Бүкілодаққа хабар таратты. «Социалистік Қазақстан», «Оңтүстік қазақстан», «Өскен Өңір» газеттерінде ол туралы үнемі мақалалар жарияланып тұрды. Соның бірі Оңтүстікке танымал асыл тұқымды мал шаруашылығын зерттеуші Жаппар Каримов осы Қалдыбек ағаның шаруашылығында жас маман ретінде тәжірибе жасап, докторлық диссертация қорғаған.
Бүгінгі ардагер «Мен жалпы еңбекте жолы болған адаммын, еңбек жолымда ылғи жақсы адамдардың қасында жүрдім, мысалы ферма меңгерушілері Егембердиев Рәшбай, Әбілдаев Қайырбек ағалар, совхоздың директоры Кеңес Одағының Батыры Сейтқасым Әшіров аға, аудан басшылары Қуаныш Айтаханов, Лесбек Бекжанов ағалар сияқты тұлғалардың ақыл-кеңесін көп тыңдадым, олардың жол көрсетіп, жөн сілтегенінің өзі мен үшін бірнеше институт бітіргенмен бірдей еді. Еңбегімді де ескеріп, марапаттың барлық түрін алдым, кейінгі жылдардағы ферма меңгерушілерімен де, совхоз, аудан басшыларымен де тығыз қарым-қатынаста соның ішінде совхоздың соңғы дирекоры Тоқсанбай Бердібековпен жақсы жұмыс істестім. Олар үнемі еңбегімді жақсы бағалады, совхоз тарағанша аянбай еңбек еттім, жоғарыдағы аталған азаматтардың барлығына ризашылым шексіз» - деп, сағынышқа толы сол жылдарды еске алады. Ия, бұл әңгіме де негізсіз емес, өйткені тоқырау заманы келіп совхоздар тарап, отарлардағы, кейіннен фермалардағы мал басы кеміп, таусылып шопандар жаппай қысқартылып жұмыссыз қалды. Шардара кеңшары «Шардара» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып қалған шаруашылықтарды сақтап қалуға әрекет етті. Қалдыбек Камалұлы 1998 жылдың соңына дейін үздіксіз еңбек етті.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынған нарықтық экономиканың талаптары да өзгеше еді. Барлығы жекеменшікке өтіп халық кәсіпкерлікке бет бұра бастағанда Қалдыбек Камалұлы да алғашқылардың бірі болып «Нұр-Сапар» шаруа қожалығын құрып, мал шаруашылығынан қол үзген жоқ. Жемісті еңбек етіп, өз-өзін жұмыспен қамтып, шаруасын дөңгелетіп, отбасын асырады.
Соңғы жылдары Құмдағы қайнаған тіршілікті, шаруашылықты баласына тапсырып, Шардара орталығына біржолата қоныс аударып, қоғамдық жұмыстарға қайта араласа бастады.
Қазіргі күні еңбек ардагері Аудандық ардагерлер кеңесінде белсенді ардагердің бірі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып өзінің өмірлік тәжірибесін, ақыл-кеңесін жастарға айтудан, жол көрсетуден шаршаған емес. Ардагерлер кеңесі де Қалдыбек Камалұлының өткен еңбегін еш ұмытқан емес. Аудан, қала басшылары мерекелерде құрмет көрсетеді. Шардара ауылындағы ауылдың өлкетану музейі ашылғанда музейді ұйымдастырушы Зулпыхар ағайы арнайы сөреге Қалдыбек Камалұлының суреті мен еңбектегі жетістіктері туралы деректерді қойды. Бұл да ауыл ақсақалының еңбегіне деген зор құрмет еді.
Өзі ол туралы «Маған ардагер ретінде аудан, қала басшылары құрмет көрсетіп келеді, оны еңбегімнің еш кетпегені деп түсінемін. Еліміз, қаламыз көркейіп келеді. Жан-жақты дамып жатыр. Аудан әкімінің ұйымдастыруымен Астана қаласына, Түркістан қаласына саяхаттап барып қайттым. Еліміздегі өзгерістерге көңілім толады. Жастарымыздың болашағы жарқын болсын!» дейді. Саяхат демекші Кеңес Одағы кезінде де озат шопан болып жүріп, сол кездегі Бүкілодақтық социалистік жарыстарда жеткен жетістіктері үшін бір топ еңбеккерлер қатарында 1 ай мерзімге батыр қалалар Москва, Ленинград, Киев, Харков т.б қалаларға саяхаттап қайтқанын да мақтанышпен еске алады.
Отбасында жұбайы Жаңагүл апа екеуі 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді, немере–шөбере сүйіп отырған ақсақал былтырғы жылы барша мұсылманға парыз болған қажылық сапарға барып парызын өтеп қайтты. Ұлы Сапарғали қорғаныс саласында болса, қызы Дамира журналистика саласында қызмет атқарады. Бір әулеттің қазыналы қариясы, ақылшы ақсақалы болып отырған Қалдыбек Камалұлының қысқаша өмір жолы осылай. Ауданда өткізілетін бата беруден конкурстарға 2 рет қатысып, жүлделі орындарға ие болғанын да айта кетуіміз керек. Иә, Қызылдың құмына күйіп, шағылына аунап өскен бала, кейіннен бар тағдырын осы шағыл құмға сыр қылғаны анық. Құмның қойнауында өскен Қалдыбек ағаның тағдырын құммен байланыстырмау мүмкін емес. Өйткені Құмдағы Бимырза, Орлы-Апан, Жантақты, Қоқанбай және Пәзілбек құдықтарының жайлауларында оның еңбегінің іздері сайрап жатыр. Бүгін сол сырдың бір парасын ашып қалың оқырманға жеткіздік деп түйдік.
С.ҚОСПАНҰЛЫ